22-параграф. Бас бактериолог
71. Лауазымдық міндеттері:
карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
ғылыми-өндірістік бағдарламалардың жекелеген тапсырмаларын орындайтын жұмысшылар тобын басқарады;
сараптамалар, тексерулер, зерттеулер жүргізу әдістерін әзірлейді;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныстар енгізеді;
карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
өлген малдардың өлекселерін байқап қарауды және союды жүргізеді;
жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;
зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуді жүзеге асырады;
аса қауіпті жануарлар ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитариялық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;
бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерильдендірілуін, реактив ерітінділерінің, қоректік ортаның дайындығын, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
талдаулар нәтижелерін ресімдейді және береді;
ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
зертханалық талдаулар мен сараптамалар жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;
кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларының сақтауын қамтамасыз етеді;
ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
72. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды;
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңды;
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңды;
«Ветеринария туралы» Заңды,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықты пайдалану және микроорганизмдермен жұмыс қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін сынау әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидалармен нормаларды білуге тиіс.
73. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Биология, биотехнология, ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, агрономия, орман ресурсы және орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |