26-параграф. Бас герболог
80. Лауазымдық міндеттері:
карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу жүргізуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторинг және бағалау жүргізуге басшылықты жүзеге асырады;
барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;
ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторингті және бағалауды және ұйымдарға фитосанитариялық жай-күй туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптерімен күрестің басталу, аяқталу мерзімдері және олардың болжамдары туралы хабардар етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді;
өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
зертханалық талдаулар мен сараптамалар, мониторинг және ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына бақылау жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады Кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді.
81. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы» заңын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерден алынатын өнімге карантиндік арамшөптермен ластану мәніне сараптама жүргізу әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
82. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, агрономия, өсімдік шаруашылығындағы селекция және биотехнология, орман шаруашылығы, жүзім және жеміс-жидек шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |