Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет26/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
28-параграф. Бас мелиоратор

86. Лауазымдық міндеттері:


шаруашылықта мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстардың орындалуына басшылықты жүзеге асырады;
мелиоративтік жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару бойынша прогрессивті технологиялар мен озық тәжірибені әзірлейді және енгізеді;
шаруашылықтың су ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастырады;
су пайдалану жоспарларын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару кестесін жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстарды жүргізу, мелиоративтік желілер мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және жөндеу бойынша бөлімшелерге басшылық жасайды;
суғару кестелеріне сәйкес танаптарды суарудың қажетті режимін, ал құрғатылған жерлерде – топырақтың оңтайлы ылғалдылығын сақтай отырып, құрғатудың қажетті режимін қамтамасыз етеді;
бөлімшелердің мелиоративтік жерлерді пайдалану жөніндегі перспективалы және жылдық жоспарларын, технологиялық карталарын және шаруашылық есептік тапсырмаларын әзірлеуге қатысады;
суару, құрғату және суландыру жүйелерін салу және қайта жаңарту, құрғатуды қажет етпейтін жерлерде дақыл-техникалық жұмыстар жүргізу бойынша жоспарлар жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
шаруашылықішілік, суару, құрғату және суландыру желілерін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді ұйымдастырады, оны әзірлеуге мамандандырылған жобалау ұйымдарын тартады және олар орындаған жұмыстарды қабылдап алуға қатысады;
мелиоративтік желілер мен гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етеді, мелиоративтік машиналар мен суғару техникаларының дұрыс сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады;
шаруашылықішілік мелиоративтік желілерді үнемі техникалық ақаусыз ұстау мақсатында оларды уақтылы және сапалы жөндеу мен тазартуды қамтамасыз етеді;
мелиоративтік жерлерді пайдалануға қабылдауға, сондай-ақ, жерлерді түбірімен жақсарту, танаптарды күрделі жоспарлау және дақыл-техникасы бойынша жұмыстарды қабылдауға қатысады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені насихаттайды және енгізеді, өнертабыстарды және ұтымды етуді дамытуға ықпал етеді;
агроөнеркәсіптік кешеннің мелиоративтік кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өндірістік-экономикалық байланысты ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
есеп пен есептіліктің жүргізілуін ұйымдастырады;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
87. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін,
Қазақстан Республикасының Су кодексін,
Қазақстан Республикасының Жер кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» заңын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен және жер мелиорациясы мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстарды жүргізу технологиясын, қызметтің машиналары мен жабдықтарын, мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстарды жүргізу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
88. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет