Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет25/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
27-параграф. Бас зоотехник

83. Лауазымдық міндеттері:


мал шаруашылығы (құс шаруашылығы) саласын басқаруды жүзеге асырады;
сала өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, өзіндік құнын төмендетуді, оның сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген мал шаруашылығы жүйелерін әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады;
мал шаруашылығын дамыту, табынның өсімін молайтуды жақсарту, малдардың өнімділігін арттыру, төлдің шығысын ұлғайту, малдарды ұстау, азықтандыру және күтіп-бағу, жайылымдарды және басқа жемшөптік алқаптарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
мықты жемшөп базасын және азықтардың сақтандыру қорын жоспарлауға және құруға қатысады;
ветеринария қызметімен бірлесіп ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасауға қатысады;
мал шаруашылығы салаларының басқа шаруашылықтармен, дайындаушы, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші ұйымдармен және кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланысы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
дайындаушы, қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен мал шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасауды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиялары мәселелері бойынша оларға консультативтік көмек көрсетеді;
агрохимиялық қызметпен және бөлімшелер басшыларымен бірлесіп жемшөптік базаны нығайту, көпжылдық дақылдар жайылымдары мен пішендіктерді құру, жасыл конвейер ұйымдастыру, пішен, сүрлем, шөптік және витаминдік ұн өндірісі үшін жасыл масса дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
малды жаздық жайылымдық және қыстық қотандық маусымға ауыстыру, жемшөптерді пайдалану және сақтау, азықтандырудың толыққанды рациондарын жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
өнімділігі жоғары малдарды өсіріп шығару, аналық бастың қысырлығын төмендету бойынша селекциялық-асылдандыру жұмыстарына басшылық жасайды;
сүттің майлылығын, тығыздығын, қышқылдығын және тазалығын айқындау бойынша талдаулар жүргізуді ұйымдастырады;
мал шаруашылығы үшін қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жөндеу материалдарын және басқа да минералды заттарды сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
тиісті кезеңдегі өндірістік қызметті талдау және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу кезінде бөлімшелерге көмек көрсетеді;
мал шаруашылығы үй-жайларын салу жобаларын қарастыруға, оларды салу орындарын таңдауға, жаңадан салынған, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен объектілерді қабылдауға қатысады;
зоотехниялық құжаттамаларды, мал шаруашылығы бойынша есепті және белгіленген есептілікті жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
басқа бөлімшелерге берілген және дайындаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген мал шаруашылығы өнімдерінің мөлшері мен сапасын есепке алуды ұйымдастырады;
қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен ластанудан қорғау бойынша іс-шаралар әзірлейді және енгізеді;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
84. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы»,
«Ветеринария туралы» заңын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін. агроөнеркәсіптік кешен және кәсіпорынның өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өндіріс технологиясын, асылдандыру ісін, ауыл шаруашылығы жануарларының әр түрлі түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін, оларды ұстау мен азықтандырудың ғылыми негіздерін, мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді және отандық, шетелдік кәсіпорындардың озық жұмыс тәжірибесін, өнімді өткізуді ұйымдастыруды, мал шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, еңбек және жер заңнамаларын, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
85. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, зоотехния) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет