29-параграф. Бас фитопатолог
89. Лауазымдық міндеттері:
карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық фитопатологиялық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ауруларға тұрақтылығына мемлекеттік сорттық сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізуді басқаруды жүзеге асырады;
барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды Жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;
ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне фитопатологиялық зерттеулер жүргізеді;
Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады. Зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;
ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
зертханалық талдаулар мен сараптамалар жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;
ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын айқындаудың әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер ауруларына тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер ауруларының дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;
істер номенклатурасы бойынша ғылыми және өзге де материалдардың мұрағатын жүргізеді және қолдайды;
кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді.
90. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Тұқым шаруашылығы туралы»,
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы» заңын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктерді қорғау және карантин, мемлекеттік сорт сынау мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсімдіктен алынатын өнімдерге фитопатологиялық сараптау жүргізу әдістерін, өсімдіктерін ауруларын бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына фитопатологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін, карантинге жатқызылған өнімдер үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
91. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, агрономия, өсімдіктер селекциясы мен биотехнологиясы, орман шаруашылығы, жүзім және жеміс-жидек шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |