20-параграф. Бас агрохимик
65. Лауазымдық міндеттері:
ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды және химияландыру құралдарын, тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырушылық-технологиялық басқаруды жүзеге асырады;
тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға талдау жүргізуді, тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер жүргізуді ұйымдастырады және оларға қатысады;
зерттеулер, экспресс-талдауларды, жүргізуді ұйымдастырады, жаңа әдістер апробациясын жүргізеді, жұмысқа зертханалық құрылғылар және құрал-жабдықтар дайындайды;
топырақ құнарлылығының жай-күйі мен өзгеру серпінін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
химияландырудың перспективалы және жылдық жоспарларын жасауға, ұйымдармен шарттар жасасуға және өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
сынақ жабдықтарын және өлшеу құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын сақтайды;
материалдық-техникалық құралдарға, арнайы киімге және жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті айқындайды;
талдаулардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттаманы, есеп және есептілікті жүргізеді;
минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені насихаттауды және енгізуді қамтамасыз етеді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
66. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды;
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңды;
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңды;
«Тұқым шаруашылығы туралы» Заңды;
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңды;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, ұйымының өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агрохимияны, тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және енгізу технологиясын, тыңайтқыштарды талдау әдістерін, тыңайтқышқа арналған стандарттарды, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
67. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, химия және биология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |