Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Машиналық аула меңгерушісі



бет15/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

16-параграф. Машиналық аула меңгерушісі

53. Лауазымдық міндеттері:


шаруашылықтағы машиналық аула жұмысын басқарады, тапсырмаларды орындаушыларға жеткізеді және олардың жұмыс орындары бойынша қойылуын жүзеге асырады;
машиналық аула жұмыскерлері орындайтын жұмыстар көлемдері бойынша шарттық көрсеткіштерді, материалдық ресурстары мен ақшалай қаражатқа деген қажеттілікті әзірлеуді жүзеге асырады;
стандарттар талаптарына сәйкес техниканы сақтауды және сақталуын қамтамасыз етеді, оны ұстаудың озық технологиясын ендіреді;
мыналарға: жаңа ауыл шаруашылығы машиналарын (оларды қабылдауды, қосымша жинақтауды және жаттықтыруды ұйымдастырады) сатып алуға, жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және басқа материалдарға өтінім жасауға қатысады, жұмыскерлердің олармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы техникасын егіс жұмыстары кезеңіне уақтылы дайындауды, машиналар мен тракторлық агрегаттарды жиынтықтауды, реттеуді және технологиялық баптауды қамтамасыз етеді;
күрделі емес ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеуді ұйымдастырады;
есептен шығарылған машиналарды бөлшектеуді, олардың құрамдас бөліктерінің, құрауыш бірліктерінің және бөлшектерінің ақауларын анықтауды, жарамды бөлшектерді шаруашылықтың қоймасына немесе ауыстыру пунктіне, ал істен шыққандарын металлоломға өткізуді ұйымдастырады;
техниканы сақтауға қою, ауыл шаруашылығы машиналарына жөндеу жүргізу, сақтаудан шығару кестелерін әзірлеуге қатысады;
ауыл шаруашылығы машиналарын ұстау және сақтау технологияларын жетілдіру бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлейді;
механизаторларға жиынтықталған машиналарды береді және олардан қабылдап алады және бөлшектеуге жол бермейді;
машиналық аулаға қабылданған және ауладан берілген ауыл шаруашылығы техникасының есебін; машиналық аулада орындалған жұмыстар, қаражат шығыстары туралы есептік құжаттаманы жүргізеді және бухгалтерияға есеп береді;
орындалған жұмыстарды талдауды, материалдық ресурстарды жұмсауды, еңбекақы төлеуді кезең-кезеңімен жүзеге асырады және орталық қызметті және басшылықты машиналардың техникалық жай-күйі туралы хабардар етеді;
машиналық ауланың жұмыскерлеріне және механизаторларға сынулардың сипатын анықтауда, оларды жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
орындалған жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, техниканы коррозияға қарсы қорғау технологияларын және оны сақтау мен пайдалану кезеңінде техникалық қызмет көрсету, машиналарды технологиялық баптау және ретке келтіру, жөндеу технологияларын зерделеу бойынша машиналық аула жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді;
машиналық аула жұмыскерлеріне және тартылған механизаторларға нұсқама жүргізеді, білімдерін және олардың машиналық аулада жұмыс жүргізу кезінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауын тексереді.
54. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, техниканың сақталу және машиналар мен агрегаттарды коррозияға қарсы қорғау, сақтау, реттеу, технологиялық баптау, күрделі емес ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік техникалық инспекция жүйесін, техникаға жөндеу жүргізудің және сақтаудың, жөндеу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі технологиялық процестерін және машиналарды жөндеу және сақтауға арналған қаражат шығыстарын, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
55. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Аграрлық техника және технология, агрономия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу, агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет