Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Ветеринариялық зертхана меңгерушісі



бет14/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
15-параграф. Ветеринариялық зертхана меңгерушісі

50. Лауазымдық міндеттері:


Ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностикалық зерттеулер жүргізуге басшылық жасайды, зертхана жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
Әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және бекітілген жаңа прогрессивті зерттеулер әдістерін ендіреді;
Зертханалық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және зертханалардың есептеріне талдау жүргізеді;
Зертханішілік бақылауға жауап береді;
Қиын жағдайларда диагноз қою үшін жергілікті жерлерге шығуды, зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуді жүзеге асырады және ауруларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
Жаңа зерттеу әдістері бойынша ұсыныстарды қарайды, оларды апробациядан өткізуге қатысады және нұсқаулық құжаттарды бекіту үшін дайындайды;
Ветеринариялық зертханалар жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
зертхананы материалдық жарақтауға жауап береді;
еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, экологиялық қауіпсіздік, санитариялық режим және өртке қарсы қорғаныс қағидаларын нормаларын сақтауына жауапты болады;
ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
51. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңды;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарлар ауруларының профилактикасы және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жүйесін, жұмыс бейіні бойынша диагностикалық зерттеулер әдістерін; ветеринария бойынша нұсқаулық құжаттарды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларын, аспаптарды және жабдықтарды, зерттеулерді ұйымдастыру мәселелерін, ветеринариялық мекемелердегі жұмыс және еңбекті қорғау қағидаларын, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария, санитариялық жұмыс режимін, өртке қарсы қорғаныс қағидаларын білуге тиіс.
52. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет