Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Карталарды редакциялау бөлімінің басшысы



бет7/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
8-параграф. Карталарды редакциялау бөлімінің басшысы

26. Лауазымдық міндеттері:


бөлім қызметін басқаруды жүзеге асыруды , нормативтік құжаттар талаптары мен техникалық шарттарға сәйкес жұмыстардың орындалуын, картография өнімдерін редакциялауды ұйымдастырады, картографиялық өнімнің мазмұнын түзету және рәсімдеу кезінде жұмыстарға әдістемелік басшылықты қолданады;
жоғары техникалық деңгейіді және өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді;
объектілер бойынша карталар мен жоспарлар жасауға редакциялық нұсқама жасайды;
жұмыс процесінде, жасалынатын карталар мен жоспарлардың мазмұны бойынша қателіктер мен кемшіліктерді уақтылы анықтайды, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
картографиялық және топографиялық жұмыстар өндірісін арналған техникалық жобаларды әзірлеуге қатысады;
карталар мен жоспарларды жаңарту кезінде жұмыс жобаларын әзірлейді, камералды өңдеу кезінде далалық дешифрлеу деректерін түпнұсқаға пайдалану мен пысықтауды ауыстырудың толықтығы мен дұрыстығын, инвентарьдық, өлшеу құралдары мен құрылғыларының және сақталуын қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
27. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңды,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; карталарды редакциялау әдістемесін, карталардың технологиясын, дәлдігін және мазмұнын айқындайтын қолданыстағы нұсқаулықтарды; шартты белгілер мен олардың үйлесімділігін қолдану ерекшеліктерін; географиялық тағайындаудың транскрибтік қағидасын; техникалық есептер мен өлшеуді орындау әдістемесін; техникалық құжаттарды ресімдеу қағидасы мен құрастыру тәртібін; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
28.Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) картографиялық білім және картограф лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет