ұйым шығаратын өнімнің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
өнім (жұмыс) сапасын, бақылау-өлшеу құралдарының жай-күйін және оны мемлекеттік тексеру үшін ұсынудың куәландыратын құжаттарды рәсімдеуді бақылайды.
рекламацияларды талдау, ақау себептерін зерттеу бойынша жұмыстарға басшылық жасайды;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдердің, өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ғылым мен техниканың даму деңгейіне, сараптамалық талаптарға жауап беретін жұмыстардың сапасын арттыруды жоспарлауға қатысады;
келіп түсетін материалдар мен материалдық ресурстарды, жинақтаушы бұйымдарды тексеруді, олардың сапасының стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындауды, өндіріс процесінің барлық сатысында операциялық бақылауды, дайын өнімнің сапасы мен жинақтылығын бақылауды, сондай-ақ шығарылатын материалдардың ұйым бөлімшелерінде сақталу талаптарының дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
30. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; осы саладағы қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарын; өнімнің сапасын ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесін; техникалық бақылау жүйелерін, әдістерін; өнімнің сапасын аттестаттау тәртібі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
31. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мамандығы бойынша (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) және ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.