Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегіҚазақстан Республикасының Ұлттық қоры келесі дәрістерде қаралған.
3.2 Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығыстарының құрамы мен құрылымы Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.