Әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың орташа мерзімдік жоспары – Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе маслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат.
Банкроттық – қаржылық күйреу, жұтау, жоспардың орындалмауы.
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасы парламенті немесе тиісті маслихат бекіткен бюджет.
Бизнес – пайда беретін экономикалық қызмет.
Борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызмет.
Борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтару, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы.
Достарыңызбен бөлісу: |