Бюджетті жоспарлау – жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады.
Бюджеттік несие – бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша.
Бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар.
Бюджеттік операциялар – бюджетті басқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар.
Бюджеттің кірістері – салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтынжәне мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақшалар.
Бюджеттің түсімдері – кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |