Байланысты: Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін өз кезегімен, қарау арқылы алдымен – Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында талқылағаннан кейін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.