Бюджет тапшылығы (профициті)кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама – бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны – бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.