Шығынды бағалау
1. Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек - жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн.
2. Негізгі шығындар - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.
3. Қосымша шығындар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
4. Тікелей шығындар - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар).
5. Жанама шығындар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді.
6. Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
7. Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
8. Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға) шығындар.
9. Реттелетін шығындар - сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға асер ете алмайды.
10. Реттелмейтін шығындар – жауапкершілік орталықтардың реттей алмайтын , мемлекет тарапынан койылған тарифтерден болатын шығындар.
11. Өндірістік шығындар - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады.
12. Өндірістік үстеме шығындар - бұлар өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқару шығындары. Олар өндірістік құрамдарда - учаскелерде, цехтарда, өндіріс бөлімшелерінде орын алады.
13. Үстеме шығындар - бұл өндірісті жүргізуге жəне басқаруға байланысты, кəсіпорынды басқаруға байланысты кешенді шығындар.
14. Қайтарылмайтын шығындар – бұрын қабылданған шешім нәтижесінде пайда болған, өткен кезеңнің шығындары және оларды болашақта жаңа басқару шешімдерімен өзгерту мүмкін емес.
15. Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, норматив, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
16. Жоспарланбайтындар – қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына ғана әсер етеді.
17. Тиімділер – бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алынады.
18. Тиімсіздер – өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын шығындар.
19. Бақыланатын шығын - бұл белгілі бір іскерлік шешім негізінде көбейтілуі немесе төмендетілуі мүмкін шығын.
20. Басқарылмайтын шығын - бұл бизнес шешімі негізінде көбейтілмейтін немесе төмендетілмейтін шығын. Басқаша айтқанда, бұл менеджердің ықпал ете алмайтын шығыны.
Достарыңызбен бөлісу: |