Жеке бастысақтандыру – жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтардың өмірінде белгілі бір уақиға болған кезде оларға шарттасылған ақшалай соманы төлеуде болып табылады.
Мүліктік сақтандырудың арналымы әр алуан мүлікке дүлей апаттар мен басқа жазатайым уақиғалар келтірген залалдарды өтеуде болады. Демек, сақтандырудың объекті әр алуан материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.
Мына негіздемелердің: сақтандыру келісімшартымен белгіленген кезеңнің өтуі бойынша, не сақтық жағдайы болған кезде кез келгені бойынша сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып табылады. Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық төлемді жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады. Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру келісімшартын жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.