«Ауылшаруашылық және Экология» кафедрасы



бет3/3
Дата26.09.2019
өлшемі0,63 Mb.
#48902
1   2   3
Байланысты:
Асылбек курс


Иттен қан алу. Иттен (мысықтан) қанды аз мөлшерде құлағының ұшынан алады. Қөп мөлшердегi қанды асық жiлiктiң сырт жағын, тiрсектен төмен орналасқан сирақ венасынан алады. Иттi бiр бүйiрiне жатқызып, немесе станокқа бекiтiп, аяқтарын қолмен қыса ұстап, тiрсектiң төменгi жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен терiнi, одан соң венаның қабыр ғасын тесiп, қанды шприцпен сорып алады.

Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде құлақтың ұшын тiлiп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгiмен орайды, немесе басы шығып тұратын арнаулы тесiгi бар жәшiкке отырғызады. Құлақты алдын ала жылы суға салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн. Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшiн операциялық алаңды (шынтақ төмпешiгiнен үшінші қабырғаға дейiн) дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, иненi қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгiзедi. Кейде қанды тiкелей жүректiң өзiнен алады. Қояннан 15-20 мл-ге дейiн қан алуға болады.

Малға сырға салу - бір-бірінен ажырату үшін малдың құлағына тағатын нөмірленген сырға. Малсырғаны өндірістік жолмен шығару қалыптасқан. Түліктің түріне байланысты (сиырға, қойға, ) малсырға әр түрлі заттан жасалады. Малсырғаны малдың құлағына арнайы қысқаштар арқылы тағады. Малсырға тағу, яғни малды сырғалау - мал тұқымын асылдаңдыру және малдәрігерлік жұмыс жүргізу үшін міндетті шаралардың бірі. Нақтылы бір мал туралы деректер (туған жылы, ата-тегі, берген өнімі, малдәрігерлік сақтандыру-емдеу шаралары) барлық мал құжаттарында құлағыңдағы малсырғаның нөмірі бойынша тіркеледі.

Қорытынды

Қалалық ветеринариялық станцияда жасаған жумыстарымаздың барлығы заң жүзінде жобаланған жумыстан. Бұл станцияда үйренген әр бір жұмысымыздың өзі үлкен маңызға ие. Ол жерге әлі вет дәрігерлер келіспейтіндігін білдік.

Бул мекеменің атқарған жұмыстарының барлығы халыққа сапалы ет өнімдерін жеткізіп беру және ауылшаруашылық малдарын денсаулығын қадағалайды. Біз бул оқу практикасында әліде уйренетініміз көп екенін білдік. Осы жерде жумыс жасайтын әр бір вет дәрігердің өзіне берілген міндеттері бар. Әр ветеринардың барып тексеретін ауылдары әр жерде. Біз барған ауыл Блогадарны ауылы. Ол жерде туйе сиыр әсіресе қой өте көп. Біз қан алған кезде 27 туйе 150 Ірі қара 600 қой 70 жылқы және 50 ешкіден қан алдық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет