Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру азық қоректілігін бағалау және құнарлы азықтандырудың ғылыми негіздері


Азық туралы түсінік, азықтарды жіктеу



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі71 Kb.
#160119
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
3334869083var 1543

2. Азық туралы түсінік, азықтарды жіктеу.
Азық құрамына, оның қорғектілігіне әсер етуші факторлар. Азықтық дақылдар селекциясы мен оларды өсіру аймағының азықтық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Азық өндіру ісін химияландыру, агротехникалау, азық дайындау технологиясы азық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Негізгі азық топтары, оларды топтастыру. Азық сапасын шаруашылық және зоотехникалық тұрғыда бағалау әдістері.
3. Әртүрлі ауыл шаруашылық малдарын мөлшерлеп азықтандыру.
Қоректік заттар мұқтаждығы туралы түсінік, қоректік затқа деген мұқтаждығын малдың физиологиялық жағдайына, яғни өсуіне, сүйемелді азықтануына, буаздығына, сауылу мерзіміне, бордақылау кезеңіне қарай анықтау.
Малдың қоректік затқа қажеттігінің буаздық сипатына, тұқымдық еркек мал пайдаланылуына байланыстылығы. Толық құрамды азықтандырудың мал өсімталдығына, сапасына тигізетін әсері.
Өсімтал малдың қоректік затқа деген мұқтаждығы, етке сойылатын жас малға қажетті қоректік заттар мөлшерінің өсу барысында өзгеруі.
Төлдің өсу қарқыны, тіршілікке бейімділік дәрежесін қамтамасыз етуде құнарлы да сапалы азықтың атқаратын ролі. Бордақылаудағы малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығын өтеу, оның ерекшелігі.
Сауын малдың қоректік заттарға деген мұқтажын өтеу. Оны толық құрамды азықпен азықтандырудың уыз бен сүт сапасына тигізетін әсері.
Өндірістік технология бойынша өсірілетін мал азықтандыруға қойылатын талаптар.
Күйіс қайыратын малдың ас қорыту ерекшеліктері. Осыған орай оның қоректік заттарға деген мұқтаждығы. Қарын микрофлорасының ас қорытудағы ролі (витаминдер түзілуі, протеин мен көмірсу қорытылуындағы өзгерістер).
Қарынға келіп түскен азықтардың фермент әсерімен ыдырауы, мұның күйіс қайыратын мал өнімділігіне тигізетін әсері.


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі әдебиеттер

  1. Ахметов А.А., Жалгабаева Ж.Ж. «Мал азықтандыру», Алматы, 2019

  2. Егеубаев, Ә.Ә. Мал азығының қоректілігін бағалау және мал азықтандыру оқу құралы / Алматы: ҚазҰАУ, 2010.- 233 б.

  3. Оңғарбаев Т.А., Аманжолов Қ.Ж. «Мал азықтандырудың мөлшері мен рациондары», Алматы, 2009.

  4. Т.А. Оңғарбаев [ж.б.]; Қазақстанда мал өнімдерін өндіруге жұмсалатын азық мөлшерін жоспарлау оқу құралы Алматы: Print plus, 2011.- 136 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет