МӘТІН №11.
АУЫР БЕТОН
Ауыр бетон орташа тығыздығы 1800 – 2500 кг/м3 болатын негізгі құрылыс материалдарының бірі. Ол құрама бетон және темірбетон құрастырылымдары мен бөліктерін дайындауда және арналуына қарай әр түрлі монолитті құрылыстар тұрғызуда кеңінен пайдаланылады. Ауыр бетонды дайындау үшін әдеттегі (кәдімгі) портландтцемент және оның алуан түрлері қолданылады: тез қатаятын, пластиктелген, пуццоланды, шлакты портландтцемент және т.б.
Толтырғыштардың құны бетон және темірбетон құрастырылымдарының жарты құнына дерлігін құрайды. Сондықтан толтырғыштар ретінде жергілікті немесе анағұрлым арзан материалдарды пайдалану құрылыстың жалпы құнын төмендетуге, көлік тасымалының көлемін азайтуға, құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Бетонның қасиеттерін жақсарту үшін техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, түрлі қосымшалар (үстемелер) қолданылады. Түрлері мен арналуына қарай қосымшаларды мынадай түрлерге бөлуге болады: көбік және газ түзуші; аралас; арнаулы.
Ауыр бетонның арнаулы түрлері. Арнаулы бетондарға гидротехникалық, жолға арналған, қышқылға төзімді, ыстыққа шыдамды және радиоактивті әсерден қорғауға арналған бетондар жатады. Аталған барлық арнаулы бетон түрлері әдеттегілерден құрамындағы тұтқыр заттар мен толтырғыштарының арнайы іріктелуімен, қосымшалар (үстемелер) қосылуымен ерекшеленеді.
Сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз!
специальные виды – арнаулы түрлері
пено- и газообразователи – кеуек және газ түзуші
комбинированные – аралас
кислотоупорные – қышқылға төзімді
жаростойкие - ыстыққа шыдамды
заполнители – толтырғыштар
для защиты от радиоактивных воздействий – радиоактивтік әсерден қорғауға арналған
сборные бетонные и железобетонные конструкции и детали – құрама бетон және темірбетон құрастырылымдары мен бөлшектері
по назначению – арналуына қарай вяжущие вещества - тұтқыр заттар
возведение – тұрғызу, салу
подбор – іріктеу
1-тапсырма. Жақша ішіндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Орташа тығыздығы 1800 – 2500 шаршы кг ауыр бетон (одним из основных строительных материалов) болып табылды.
Оны құрама бетон және темірбетон құрастырылымдары мен бөлшектерін (широко используют для изготовления).
Барлық аталған бетон түрлері әдеттегілерден (подбором состава вяжущих и заполнителей) ерекшеленеді.
(Стоимость заполнителя) бетон және темірбетон құрастырылымдарының жарты құнына дерлігін құрайды.
Арнаулы бетон түрлеріне (гидротехнические, дорожные, кислотоупорные, жаростойкие) және радиоактивтік әсерден қорғауға арналған бетондар жатады.
(Поэтому применение в качестве заполнителей местных или более дешевых материалов) құрылыстың құнын төмендетуге, көлік тасымалының көлемін азайтуға, құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, (для улучшения свойств бетонов) түрлі қосымшалар (үстемелер) қолданылады.
2-тапсырма. Мына сөздерді септеп, әр септіктегі нұсқасын орыс тіліне аударыңыз.
Құрылыс құны, арзан материалдар, техникалық-экономикалық көрсеткіштер, бетон қасиеттері, толтырғыштар.
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндап беріңіз.
4-тапсырма. Мына етістіктерден бұйрық райын жасап, оларды жекеше және көпше түрде жіктеңіз.
Іріктеу, тұрғызу, қолдану, төмендету.
6-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді тауып жазыңыз, жасалу тәсілін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |