1-тапсырма. Көп мағыналы сөздерді тауып, қолданылуына назар аударыңыз
«Қанат» – құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесі.
(У птиц и насекомых – орган, служащий для летания).
|
Құс қанаттарын қағады. Птица машет крыльями.
(Ұшу мүшесі. Орган летания.)
|
Ұшақтың қанаты. Крыло самолёта.
(Ұшу аппаратының бөлігі. Часть летательного аппарата.)
|
Алдыңғы қанаттың зақымдануы. Повреждение переднего крыла.
(Автомобильдің бүйір жағы. Боковая часть автомобиля.)
|
Үйдің сол қанаты. Левое крыло дома.
(Ғимараттың бүйір жағы. Боковая часть здания.)
|
Құс биікке қанатының арқасында ұшады.
(Птицы могут подниматься на высоту благодаря крыльям).
|
Бізді Павел Федорович Садырин өз қанатының астына алды.
(Нас под свое крыло взял Павел Федорович Садырин).
|
Қанаттарын жазу.
(Расправить крылья).
|
2-тапсырма. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Сөйлем құраңыз
Мен кішкентай бауырымды сағындым – я скучаю по младшему
братику.
Бауыр басу – привыкать; сильно привязаться.
Ет бауыр – кровный (о родственниках).
Тас бауыр – жестокий, немилосердный.
Бауырым! – брат мой! (обращение).
Бауырына қысу – прижимать к себе.
Қаз бауыр бұлт – перистое облако.
Таудың бауырында – на склоне горы.
Бауырымен жорғалаушылар – пресмыкающиеся.
3-тапсырма. Сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріңіз. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жазыңыз.
Терең (өзен, білім, ой); қатты (сөз, құрт); қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет); жұмсақ (адам, мінез, орындық).
4-тапсырма. Асты сызылған сөздер қандай мағынада қолданылған?
Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. _______________
Көз – көңілдің айнасы. _______________________________
Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. ___________
Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік. ________________
Марат ауыр жүк көтерді. ______________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі. __________
Дастарханға ыстық тамақ та келді. _____________________
Досына ыстық ықылас білдірді. ________________________
5-тапсырма. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.
Жұмыстың көзін тапсаң, тез бітеді.
Ол – тобымыздағы мінезі ауыр бала.
Біз таудың басына шығып келдік.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
Жердің бетінде тыныштық бола бергей!
Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.
Алты қанат ақ орда әдемі-ақ!
6-тапсырма. Мәтіннен диалект және термин сөздерді табыңыз. Сөздікті пайдалана отырып орыс тіліне аударыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |