Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі103 Kb.
#10801
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Көп мағыналы сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;

  2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

50 – жаттығу. Мәтінді оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.

1. Ғаламның шырағы - күн, адамның шырағы- білім. 2. Қалауын тапса, қар жанар. 3. Сөз де - кілт, көңіл құлпын ашады. 4. Қанағат-денсаулық көзі. 5. Еңбек адамның бағын ашады, спорт адамның әрін ашады. 6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. 7. Адал достық алтыннан қымбат. 8. Білімі бар , білігі жоқ. 9. Әмірші де анадан туады. 10. Есесі қайтпас еңбек жоқ.



Пысықтау сұрақтары

1. Сөз деген не? Белгілі бір ұғым берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не? Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады? Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не? Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Келтірінді мағынасы.



ІІ. Жаңа сабақ
Көп мағыналы сөз

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

Екі күймек бір жанға әділет пе,

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Ашиды жаның, қайнайды қаның,

Мінездерін көргенде…

(А.)


Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.
Венн диаграммасы.
1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.

2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.



3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.

Жаттығулар жұмысы
51 – жаттығу. Оқып шығып, көп мағыналы сөздердің бәрі де бір сөз табына қатысты болатынына көз жеткізіңдер.

Төмендегі сөздердің қосымша туындымағаналарынанықтап, кестені толтырыңдар.



Атауыш сөздер

Бастапқы мағынасы

Ауыспалы мағыналары

Түбір

Өсімдік түбірі




Кілт

Ашатын құрал

Бұлақтың кілті

Бел

Адамның дене мүшесі




Түп

Ыдыстың асты




Құлақ

Дене мүшесі

Домбыраның құлағы


  1. – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

1.Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі. 2. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. 4. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды. 5. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.



  • Адамның қандай қасиеттері айтылған?

  • Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

  • Ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, сөйлем құраңдар.



  1. – жаттығу . Төмендегі сөздердің көп мағыналық сипатын сөз тіркестерін құрау арқылы дәлелдеп беріңдер.

Үлгі: Асыл – асыл шөп, асыл жан, асыл тас, асыл ой, т.б

Асыл, кең, көз, бас, тас, жас


61 – жаттығу . Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігімен айырмашылықтарын айтыңдар.


Жел, суық, жылы, кілт

ІV. Бекіту:

1. Жинақтау, қорытындылау. (Тест)

2.Үйге тапсырма беру. 60 – жаттығу. Салмақты, әрекет, қарулы сөздерініңі шінен біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құраңдар. Мәтінде көпмағыналы сөздердің болуын ескеріңдер.

3. Бағалау.

Әдіскер: Мусина. Г. С

Пән мұғалімі: Құрманғалина М.А.

Машықкер: Тарпамбай. Ә. С


Тест
1 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

А. Ол


В. Сыныбымыздағы

С. Мінезі

Д. Бала

Е. Ауыр

2. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

А. Марат


В. домбыраның

С. Құлағын

Д. Бұрап


Е. Берді

3. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін


В. Қойып

С. Әңгімеге



Д. Ашық

Е. Кірісейік

4. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Біз таудың басына шығып келдік.



А. Басына

В. Біз


С. Таудың

Д. Шығып

Е. Келдік

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра


В. Жараның

С. ашылып



Д. Аузы

Е. Кетпесін



Тест
2 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.

А. Иненің

В. Жіпті

С. Өткізе

Д. Алмадым

Е. Көзінен

2. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.

Жер бетінде тыныштық бола бергей!

А. Жер


В. Тыныштық

С. Бола

Д. Бергей

Е. Бетінде

3. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін


В. Ашық

С. Әңгімеге

Д. Кірісейік

Е. Қойып

4. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д. Аузы

Е. Кетпесін

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.

А. Олар

В. Футбол



С. Қанатына

Д. Алаңының



Е. Отырды
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет