Есте сақтаңыз!
Кірме сөздер
|
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі баламасы
|
Пұл
|
ақша, қаржы (деньги, денежные средства)
|
Шайыр
|
суырып салма ақын (поэт-импровизатор)
|
Сарбаз
|
жасақшы, қол, әскер, жауынгер (дружинник,
армия, воин)
|
Ғибрат
|
үлгі, өнеге (поучение, поучительный пример
образец, пример)
|
Ғұлама
|
ғалым, оқымысты ( ученый)
|
Пешене
|
жазмыш, тағдыр (предопределение; рок;
судьба; участь /по народному представлению, предначертанная богом на лбу человека/)
|
7-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
1-мәтін
Альберт Эйнштейн
Жылдар жылжыған сайын биіктей беретін ғасыр адамдарының бірі - данышпан Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Бұл мектепте оған барынша діни түсініктерді таңуға тырысса да, оның кейін ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым жолына бет бұрады. Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүрді. Мұғалімдермен пікірталастыруға бейім тұратын ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға салғырт қарап, жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей оқыған. Осылайша, болашақ ғалым 1895 жылы Цюрихтегі Политехникумге оқуға түсуге әрекет жасап көреді. Дегенмен, сол жолы бағы жанбай қалып, оқу табалдырығын аттай алмайды. Келесі жылы қайта бағын сынап, сол жерде білім алуға кіріседі. Ғылым мен техникаға бейім Альбертке бұл жер әлбетте, ұнады. Білім ала жүріп, осы оқу орнында өзінің болашақ жары Марич Милевамен танысады. Оқуын аяқтаған соң, Альберт біраз уақыт бойы тұрақты жұмыс орнын таба алмай әуреге түссе де, өзінің ғылыми ізденістерін тоқтатпай, жалғастыра береді. Осылайша, 1901 жылы өзінің алғашқы "Капилярлылық теориясының салдары" атты мақаласын жариялайды. Тура төрт жылдан соң, 1905 жылы барлығымызға аян салыстырмалылық теориясы жұртшылыққа таныстырылады. Осы жылы Эйнштейннің 3 атышулы мақаласы жарық көреді. Бұл теория ол кезде "арнайы салыстырмалылық теориясы" деп аталған еді. 10 жыл өткен соң, жалпы салыстырмалылық теориясы пайда болып, барлығымызға белгілі күйге енді. Басқаша айтсақ, осы жылдары Энштейн бүкіл ғылымды дүр сілкіндіріп, теориялық физиканың жаңа дәуірін бастап берді. 1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Гитлер билік басына келгеннен кейін, 1933 жылы Германиядан біржола кетіп, АҚШ-қа көшеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде дүние салады. Оны білетін жұрт өте кішіпейіл, жайдары жан болғандығын айтады. Өте абыройлы ғалым болса да, өзінің де қателесуі мүмкін екендігін әрдайым мойындап, диалогтан еш қашпаған.
Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді тап:
Эйнштейн, Гитлер, АҚШ
Данышпан, математик, Эйнштейн
Салыстырмалылық теориясы, соғыс
Кішіпейілділік, ақымақтық
Мәтіннің мазмұнымен сәйкес мақалды белгіле:
Қалауын тапсаң, қар жанады.
Көппен көрген - ұлы той.
Асыл - тастан, ақыл - жастан.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Альберт Эйнштейннің ұлты кім болған?
Неміс
Ағылшын
Еврей
Американдық
Мәтіннің идеясы неде?
Ешқашан ерте берілуге болмайды.
Балалар ақылды болып туылуы керек.
Ғалымдар да қателесуі мүмкін.
Ғалым болу үшін мектепте жақсы оқу жеткілікті.
Эйнштейн қандай адам болған?
Ақылсыз, сараң
Ақылды, жомарт
Кішіпейіл, жайдары
Оқымысты, адал
2-мәтін
Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
– Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
– Көремін, өрмек тоқып жүр.
– Анау құмырсқаны көремісің?
– Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
– Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
– Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
– Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, – деді.
Ыбырай Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі
Достарыңызбен бөлісу: |