Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға:
https://apps.apple.com/app/id1451726577
Ауыр металдармен ластану
Ауыр металдармен ластану – жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий, т.б. ауыр металдардың жергілікті, аймақтық және ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі (металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары); олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы [1].
Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың жануарлар ағзасына түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әр түрлі химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Ауыр металдардың 80% микро-элементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды процестерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, трофикалық тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді [3].
Қорғасын – улы қауіптің 1-класына жататын ауыр металл. Өнеркәсіптік уланулардың ішінде қорғасынмен улану бірінші орын алады. Қорғасын ластағыштарын топыраққа және атмосфераға негізгі жеткізушілер –қорғасын бензинін жағудан шығатын газдар, пластмасса, целлюлоза-қағаз бұйымдары, майлау материалдары, пигменттер және басқалар шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары. Қорғасын биомассада жиналып, жоғары уытты қосылыстар түзеді. Әрі қарай қорғасын қосылыстары өсімдіктер мен жануарлардың зат алмасу циклына араласады. Сөйтіп, азық-түлік тізбегімен қорғасынның улы элементтері адам ағзасына енеді.
Қорғасын – улы қауіптің 1-класына жататын ауыр металл. Өнеркәсіптік уланулардың ішінде қорғасынмен улану бірінші орын алады. Қорғасын ластағыштарын топыраққа және атмосфераға негізгі жеткізушілер –қорғасын бензинін жағудан шығатын газдар, пластмасса, целлюлоза-қағаз бұйымдары, майлау материалдары, пигменттер және басқалар шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары. Қорғасын биомассада жиналып, жоғары уытты қосылыстар түзеді. Әрі қарай қорғасын қосылыстары өсімдіктер мен жануарлардың зат алмасу циклына араласады. Сөйтіп, азық-түлік тізбегімен қорғасынның улы элементтері адам ағзасына енеді.
Қорғасын, мышьяк, кадмий, сынаппен бірге өте қауіпті заттар класына жатады. Қорғасын сүйектерде жиналып, олардың біртіндеп жойылуына, бауыр мен бүйректе жиналуына, күш қуаттың, әлдің төмендеуіне, есте сақтаудың нашарлауына және тіпті созылмалы ми ауруларына әкелуі мүмкін[2].
Кадмий – өте уытты ауыр металл. Оның ұшпалығы жоғары, сондықтан кадмийдің басым бөлігі атмосферада шоғырланып, оны ластайды. Осы ауадағы ұшпалы заттектер кадмийді балқыту зауыттары мен гальваникалық өндірістердің жұмысының нәтижесінде пайда болады. Кадмий топыраққа ауылшаруашылық тыңайтқыштарынан, сондай-ақ мұнай өнімдерінен енеді. Атмосфералық процестердің нәтижесінде ол жерге және жер беті суларына жауын-шашын түрінде түседі, бұл өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді, жануарлар әлемінің өкілдеріне аса зиянды әсер етеді.
Кадмийдің ағзаға шамадан артық түсуі анемияға, бауырдың зақымдануына, өкпе функциясының бұзылуына, остеопорозға, қаңқаның деформациялануына, қан қысымының артуына әкелуі мүмкін. Ол бүйректе жиналады, олардағы тастардың пайда болуына себепші болуы мүмкін [2].