Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері



Дата13.01.2022
өлшемі16,94 Kb.
#129304
түріҚұрамы
Байланысты:
Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары


Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады. Ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді.



  • Түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді.

  • Жалпы ауыр металл дегеніміз - салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 г/см3-ден жоғары химиялық элементтер . Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 2/3-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады. 1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша бұған тағы сегіз элемент (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr) және үш металлоид (As, Se, Sb) қосылған болатын. Сонан соң олардың қатары тағы екі металмен толықтырылды (Tі, Sr) .

Адамның жасы мен жынысына қарай олардың ағзасындағы мыстың қалыпты мөлшерін көрсететін мәлімет төмендегідей:

- 6 айлық бала – 3,14 -10,99 мк/моль/л

- 6 жасар бала – 14,3 - 29,83 мк/моль/л

- 12 жасар бала – 12,56 – 25,12 мк/моль/л

- Ересек ер адам – 10,99 - 21,98  мк/моль/л

- Ересек әйел адам – 12,56 – 24,35 мк/моль/л



  • Жүкті әйел босанар алдында –18,53 - 47,41

мк/моль/л.

Жоғары токсикалығымен белгілі элементтердің де адам ағзасына маңызы зор, мысалы кадмий қандағы қантты реттесе, селен көз көруге, ал сынап ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалаушылық қасиеттерінің берілуін іске асырады.Мышьяк –нуклеин алмасуда, яғни ақуыз синтезіне және гемоглобин синтезіне қатысады, бірақ өзі құрамына кірмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет