Емханаға 36 жастағы науқас Н., қатты таңдай аймағының тағамқабылдағанда және тістерін тазалағанда күшейе түсетінауыратынына шағымданып келген. Науқастың айтуы бойыншаыстық тағамды байқаусыз қабылдағаннан кейін пайда болған ауру сезімдері 2 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қарағанда: қаттытаңдайдың шырышты қабығы қызарған, ісінген, бетінде пішінідұрыс емес фибринозды қақпен жабылған эрозия аймақтарыанықталады. Төменгіжақасты лимфа бездері үлкейген. Алғашқыдиагноз қойыңыз:
A.қатты таңдайдың жырылған жарасы
B.қатты таңдайдың тесілген жарасы
C.герпетикалық стоматит
D.қатты таңдайдың шырышты қабығының күйігі
E.лейкоплакия
47 жастағы науқас Ю., тілдің күю сезіміне, аузынан жағымсызиістің шығуына, ыстық және ащы тағам қабылдаған кезде тілдіңауыратынына шағымданып келген. Ауыз қуысын қарағанда: тілдіңбарлық беткейінде бұдырлы, әртүрлі тереңдіктегі ұсақ жүлгелеранықталады. Тіл қалыңдаған және көлемі үлкейген. Тілдіңшырышты қабаты өзгермеген, бүртіктері сақталған. Тілдіңқатпарлары арасында тағам қалдықтары жиналған. Алғашқыдиагноз қойыңыз:
A.десквамативті глоссит
B.қатпарлы тіл
C.глоссалгия
D.ромб тәрізді глоссит
E.түкті тіл
Клиникаға 54 жастағы Л.есімді науқас сол жақ төменгі жағыныңжұмсақ тіндері аймағындағы ісінуге, ауырсынуға, денетемпературасының 37,8С-ге дейін жоғарылағанына шағымданыпкелген. 4.6 тісінің ауырғанына 3 тәулік өткен, 2 тәулік бұрын ісікпайда болған. Объективті: сол жақ төменгі жағының жұмсақтіндерінің ісінуі нәтижесінде бетінің асимметриясы, терісігиперемиялы, ісінген. Пальпация ауырсыну туындатады. Ауыздыашу ауыртады. 4.6 тістің тіссауыты 2/3-ге бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. Переходная складка на уровне 4.5, 4.6, 4.7 тістер деңгейінде ауыспалы қатпарлар жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация жасау ауыртады.Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз: