Грин-Вермильон индексі ғылыми зерттеулер мен стоматологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылғанымен оның бірқатар кемшіліктері бар:
Тіс шөгінділерін тек 6 тісте анықтауға болады;
Индексті санау үшін қосыша уақыт пен калькулятор қажет;
Қанағаттанарлықсыз дәреже мен нашар дәрежеде тәжірибелік айырмашылықтың болмауы.
Нави индексі(1962) (I.M.Navy, E.Quiglty, I.Hein).
Ауыз қуысы тіндерінің, алдыңғы тістердің еріндік беткейлерінің боялу индекстерін санайды. Зерттеу алдында ауыз қуысын 0,75 % функсин ерітіндісімен шаяды.
Индекс саны
Мәні
0
Тіс қағы жоқ
1
Тіс қағы сирек кездеседі.
2
Қызылиек маңында тіс қағы(бляшка) кездеседі.
3
Тіс сауытының 3/1 бөлігі боялған.
4
Тіс сауытының 3/2 бөлігі боялған.
5
Тістің барлық бөлігі боялған.
Тісті бояуға арналған ерітінділер
Шиллер-Писсарев ерітіндісі. Оның құрамында:
Калий йодиді- 2г
Кристалданған йод- 1г
- Дистилденген су- 40 мл
Эритрозин ерітіндісі
Функсин ерітіндісі
Тіс қағының қалыңдығын тістің 4 бетін (вестибулярлы, тілдік, мезиальді, дистальді) тексеріп анықтайды. Бұл кезде тісті боямайды, зерттеуді стоматологиялық зонд пен айна көмегімен зерттейді. Тіс эмальін кептіріп алған соң оның бетін зондпен жүргізеді.
Индекс Силнес-Лоу (Silness, Loe, 1967)
Индекс
Мәні
0
Егер зонд ұшына ешқандай жұмсақ зат жабыспаған болса
1
Егер жай көзбен тіс қағы көрінбей, бірақ зонд ұшында байқалған болса
2
Тіс қағы қалың болып, жай көзбен көрінетін болса
3
Тіс қағы қарқынды түрде қызылиек пен тіс аралық кеңістікте анықталған болса
Әрбір тістің индексін анықтау үшін 4 бетінің балын 4-ке бөлеміз. Жалпы индексті анықтау үшін тексерілген тістердің көрсеткіштерін тексерілген тістер санына бөлеміз.
Қорытынды
Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі опырылып түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу тісті, ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн