Қаулы етеді


-тарау. Қорытынды ережелер



бет5/5
Дата26.08.2020
өлшемі22,82 Kb.
#76923
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік қызметтер туралы

5-тарау. Қорытынды ережелер

       20-бап . Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер
               туралы заңнамасының сақталуын бақылау
      1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы шешімі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеледі.
      2. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығын ескере отырып жүргізетін тексеру.
      Бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кемінде бір жылда бір рет, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне - кемінде үш жылда бір рет жүргізілуі мүмкін.
      Жоспарлы тексеруді белгілеген кезде бақылаушы орган тексерілетін субъектіге тиісті тексеру туралы екі аптадан кешіктірмей хабарлауға міндетті.
      Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғандығы туралы шағымданғанда, сондай-ақ құжаттармен және осындай заң бұзушылық белгілері бар екенін куәландыратын өзге де дәлелдемелермен расталған өзге ақпарат алынған жағдайларда жүргізіледі.
      Домалақ арыздар жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
      3. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектінің әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманы бұзғаны анықталған кезде бақылаушы органдар әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді не әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманы бұза отырып көрсетілген әлеуметтік қызметтерді жарамсыз деп тану туралы талаппен сот органдарына өтініш береді.
      Егер бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектінің бақылаушы органдардың ұйғарымын орындамағаны анықталған жағдайда мемлекеттік бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік шараларын қолданады.
      4. Бақылаушы органдардың іс-әрекеттеріне, сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

       21-бап . Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       22-бап . Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі
      Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет