Жоба
ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
№_______ «___»_____________2011 ж.
Орал қаласының аумағында үгіт
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағы негізінде, қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:
Зачаганск кенті, «Жазира» дүкені ауданында;
Зачаганск кенті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ауданында;
Деркөл кенті, Деркөл кенттік округінің әкімдігі ауданында;
Круглоозерное кенті, Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебі ауданында;
Серебряково кенті, Круглоозерное кенттік округінің әкімдігі ауданында;
Желаево кенті, №14 жалпы орта білім беретін мектебі ауданында;
Достық-Дружба даңғылы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ауданында;
Достық-Дружба даңғылы, Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ауданында;
Достық-Дружба даңғылы, М.Мәметова алаңы ауданында;
Привокзальная көшесі, В.Чапаев алаңы ауданында;
Х.Есенжанов көшесі, «Нефтебаза» аялдамасы ауданында;
Карбышев көшесі, «Жастар» мәдениет үйі ауданында;
Еуразия даңғылы, «Әмбебап дүкен» сауда орталығы ауданында;
Әбілқайыр хан даңғылы, «Қазақстан» кинотеатры ауданында;
Әбілқайыр хан даңғылы, «Астана» сауда орталығы ауданында;
Әбілқайыр хан даңғылы, «Орал» сауда ойын-сауық кешені ауданында;
Жамбыл көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы ауданында;
Гагарин көшесі, №2 автобус маршрутының соңғы аялдамасы ауданында;
Құрманғазы көшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті ауданында;
Құрманғазы көшесі, «Орал» қонақ үйі ауданында;
Құрманғазы көшесі, «Тұрмыс үйі» сауда орталығы ауданында.
2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.С.Сафималиевке жүктелсін.
Қала әкімі С.Оразов
Достарыңызбен бөлісу: |