Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,6 Mb.
#14834
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы

Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Ресурстар, сілтеме

Жоспар, «Жануартану оқулығы» (Қ.Қайым), арнайы суреттер, «Биология» оқулығы, желідегі бейнефильм, Power Point (слайд), үлестірме материал, «Биология» жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Негізгі мақсаты

Ауру қоздырғыш дизентериялық амеба және безгек паразитімен таныстыру, олармен күресудің алдын алу шаралары туралы білімдерін тереңдету

Міндеттері


  1. Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру;

  2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Еркін сөйлеп, ойын жеткізуге, салыстыра білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын ояту;

  3. Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық - гигиеналық тәрбие беру

Түйінді идея

Ауру қоздырғыш қарапайымдардың тіршілігімен, күресу шараларымен танысу

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Нәтиже:

Оқушылар қарапайымдылардың ауру қоздырғыш түрлерімен танысады, жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады

Ұйымдастыру

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Ынтымақтастық атмосферасын құру



Көшбасшы болу, топқа бөлу, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, топтық)

Психологиялық сәт

Ұраны: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»

Сурет-карточкалар арқылы топқа бөлу:



І топ: «Амеба»

ІІ топ: «Эвглена»

ІІІ топ: «Кебісше»

Қолданылған модульдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу

«Өткенге шолу» аялдама



АКТ, СТО




І. Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын қайталау

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өте ақылды және қарапайым болған екен. Патшаның үш ұлы болған, олардың мінез - құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты. Үлкені - бір орында тұра алмайтын, соған сай мінезі де құбылмалы екен. Ортаншысы - өте сәнқой болыпты, күндіз жасыл көйлек кисе, түнде ақ көйлек киіпті. Үнемі төбесінен бір тал үкісі түспепті. Ал кішісі - ерекше пысық болыпты, оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды. Тіпті екі «жүрегі» болғанға ұқсайды. Бірақ, осы үш ұлдан көптеген елдер зиян шегіпті де, патшаға арыз айтушылар көбейіпті. Сонда әбден шаршаған патша халыққа мынандай үндеу тастапты: « Менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар, кімде – кім сол қасиеттерін тапса, бас уәзірім болады»- депті. Ал, қане ойланайық!

Кім тапқыр екен?






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет