Ауру тарихы пациенттің толық аты-жөні: Шаламов Виктор Петрович Қорытынды клиникалық диагноз


ІV. Anamnesis vitae (өмір тарихы)



бет2/8
Дата01.11.2022
өлшемі35,22 Kb.
#155956
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ib kardio kuka

ІV. Anamnesis vitae (өмір тарихы)
Науқас 1949 жылы 6 қаңтарда отбасында 3ші бала болып өмірге келген. Физикалық және психикалық дамуы жасына және жынысына сәйкес дамыған. Екпелер науқастың айтуынша күнтізбе бойынша алынған. Білімі жоғары.
Еңбек анамнезінде: науқас энергетик болып жұмыс жасаған, қазір зейнеткер.
Тұрмыста, балалары бар. Әлеуметтік жағдайы орташа. Тамақтануы уақытылы, емдәм сақтамайды, майлы, тәтті тағамды басымырақ қолданады. Зиянды әдеттері жоқ, болмаған.
Басынан өткізген аурулары: Қант диабеті, орташа дәрежелі, субкомпенсирленген (2005ж)
Семіздік 3 дәрежелі
Төменгі аяқ тамырларының варикозы
ӨСОА, орташа ауырлықты дәрежелі(2011ж)
Эпидемиологиялық анамнез: вирусты гепатиттер, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған.
Тұқым қуалаушылық бойынша апасында инфаркт миокарді болған. (ата-анасы есінде жоқ)
Гемотрансфузия болмаған.
Басынан өткізген оталар болмаған
Аллергологиялық анамнез: теріс, барлық препараттарды жақсы көтереді
V. Statuspraesens (Объективті статус)
Жалпы қарау.
Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлық дәрежеде, қан қысымының көтерілуіне байланысты
Есі: анық.
Дене бітімі: Гиперстеникалық. Бойы 178 см, салмағы – 98 кг. ДМИ = 43,8 кг/м². Дене температурасы 36,8 0C қалыпты.
Тері жамылғысы: бозғылт тері түстес, терісі құрғақ, таза, тургоры сақталған, терісінің пигментациясы, патологиялық бөртпелері жоқ. Шаш, қас, тырнақ күйі өзгеріссіз. Теріасты май қабаты орташа дамыған, серпінділік қасиеті сақталған.
Лимфа бездері: желкенің, мойынның, құлақ аймағының, жақастының, шынтақ аумағының, бұғана үстінің, шаптың, тақым асты бездері үлкеймеген, пальпацияланбайды, ауырсынбайды.
Қалқанша безі пальпацияланбайды, ауырсынусыз.
Бұлшықет күші орташа дамыған, ауырсынбайды. Тонусы қалыпты жасына сәйкес.
Сүйектер мен буындардың деформациялар мен дефигурациялар жоқ, ауырсынулар жоқ. Буындардың активті және пассивті қимылы сақталған. Буын үстіндегі температура жалпы дене температурасымен бірдей. Терісі өзгермеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет