Пациент саңырауқұлақты ауруы бойынша емделген соң, дәрігердің бақылауына келді. Медбикенің тәуелсіз медбикелік араласуын таңдаңыз: а) бақылау анализі үшін жолдама жазу
б) медбикелік тексеріс жүргізу в) пациенттің ем жоспарын жасау
г) микологтың кеңесіне жіберу
д) емдеуге ақпаратттандырылған келісім алу
Үшінші курс студенті медициналық пунктте табандары мен аяқ саусақтарының аралығындағыбөртпелерге, қышынуға шағымданды.Шамамен бір ай бұрын, аяғының саусақ араларында терісі түлей бастаған, кейін терісі жарылып, қышыну болған. Соңғы аптадатабандарда көпіршіктер пайда болды.Қарап тексергенде: аяқтың саусақ аралық терісі түлеген. Төртінші және бесінші саусақтардың арасы ісінген және қызарған жерінде эпидермистің сыдырылғаны байқалады. а) аяқтың микозы б) кебек тәрізді теміретке
в) псориаз
г) онихомикоз
д) қант диабеті (диабеттік табан)
Сауда орталығына келушілер кенеттен бір орында қатып қалған адамға назар аударды.Беттің көрінісі жоқ, көз қарасы бір нүктеге қадалған, сөзге мән бермейді. Аталған симптомдар тән а) кататоникалық ступорға б) кататоникалық қозуға
в) ипохондриялық синдромға
г) астениялық синдромға
д) аментивтісиндромға
«Психикалық денсаулық медициналық орталығы» ауруханасының медбикесі дәрі-дәрмек таратқан кезде науқастарды бірінен соң бірін шақырып, қолдарына таблеткаларын берді. Медбикенің қатесі: а) дәрінің ішуін және жұтылуын бақыламады б) дәрілік заттарды дәрігерсіз таратты
в) дәрінің жарамдылық мерзімін тексерді
г) басқа науқастардың көзінше дәрілерді таратты
д) дәрігердің тағайындау парағына байланыстыдәрілерді таратты.
Психиатриялық стационарда медициналық бике жұмысының ерекшелігі: а)науқастарға дәрі тарату
б)зерттеудің инструментальды әдісіне дайындау
в)зерттеудің зертханалық әдісіне дайындау
г)медициналық құжаттарды толтыру
д)науқасты үнемі қарау