20. Қолды өндеу деңгейлері. Қолды гигиеналық деңгейде жуу кезеңдері Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Пациенттің және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері:инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, пациенттің биологиялық сұйықтықтарымен ластану қауіпінде, стерильді қолғапты кию алдында және шешкеннен соң, жұқпалы, паразитарлы пациенттерге күтім жүргізуден алдын.
Дайындаңыз:бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.