Стерилизация режимдері: 1-режим- температура -132˚С, қысым 2 атм, уақыты 20 минут. 1-режим (негізгі) бөз, дәке (таңу материалдары, төсек т.б.), шыны, коррозияға төзімді металл құрал-саймандар үшін қолданылады.
2-режим - температура -120˚С, қысым 1,1 атм, уақыты 45 минут. 2-режим (сақтаушы) жіңішке резеңке, латекс (хирургиялық қолғаптар т.б.), кейбір полимер құрал-саймандарға ұсынылады.
3-режим- температура –134˚С, қысым 2 атм, уақыты 5 минут.
Ауа әдісімен ММБ-ны, аспаптар мен аппараттардың, оның ішінде тоттануға берік емес металдан жасалған бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды стерильдейді. Ауа әдісімен стерильдеу алдында бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептіру шкафында 850С температурада көзге көрінетін ылғалы кеткенге дейін кептіреді. Ауа әдісімен стерильдеу үшін кептіру шкафтар пайдаланбайды.
Ауалы стерилизаторда құрғақ ыстық ауамен жүргізіледі. Металл, шыны, силикон резеңкеден жасалған заттар үшін ұсынылады. Ауалы стерилизаторлар (құрғақ ауалы шкафтар) әр түрлі көлемді болып келеді. Стерилизациялық камераларда 150˚С-тан 180˚С-қа дейін жұмыс температурасы сақталады.