9. Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау іс-әрекеттері. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану керсетілімдері:бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі: Пациентке зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.
Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.
Пациенттен дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Пациенттің іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.
Қайнатылған сумен және сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.
Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.
Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.
материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.
зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;
егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.