«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері



бет14/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған пациенттерде кездеседі. Ол кезде пациент өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – пациент қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Пациент өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:

  • амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – асқазан ауруларында, жүрек ауруларында байқалады, пациент амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады;

  • амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән;

  • амалсыз етпетінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән. Етпетінен жату қалпы – науқас төсекте ішімен, етпеттеп жатады. Мысалы, люмбалды пункция жасағаннан кейін аз уақыт етпетінен жатады.

  • арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.

Пациенттердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы пациенттің өзіне зияны тиюі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады. Пациенттің белсенділік тәртіпті сақтауын қадағалау медбикенің міндеті болып саналады. Тәртіпті сақтамау әр түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан пациент емдеуші дәрігер тағайындаған қимыл белсенділігін қатаң сақтауы қажет (әсіресе төсектік және қатаң төсектік тәртіпте).


Дәрігер тағайындаған қозғалыс белсенділігі пациент үшін физиологиялық болып есептеледі, егер ол:

  • ауырсынудың азаюына;

  • дренаждардың тиімділігіне;

  • ұлпа гипоксиясының жойылуына;

  • гипотрофия және контрактуралардың алдын алуға алып келсе.

Пациенттің қимыл-әрекетсіз жатуы көптеген мүше, жүйелерінің қызметінің бұзылуларына алып келеді. Пациенттің иммобильдігі (қозғалыссыздығы) алып келеді:

  • тыныс алу кезінде өкпе экскурсиясының төмендеуіне;

  • ойылудың дамуына;

  • зәрдің жиналуы, бүйректерде тастың түзілуіне және инфекциямен зарарлануына;

  • іш қатуға;

  • ұйқысыздыққа;

  • депрессияға.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет