«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері



бет12/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін пациенттің келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бетпердемен қолғапты киіңіз.

  5. Пациенттің бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

  6. Пациентке қарама-қарсы отырыңыз. Пациенттің мұрын қуысын қараңыз.

  7. Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (пациенттен мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазартып шығарыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

  8. Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиюі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

  9. Пациенттің мұрнының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тығыз жанастыра енгізіңіз.

  10. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

  11. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз.

  12. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

  13. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске, оны «кілтке» жабыңыз.

  14. Қолғапты, бетпердені шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  16. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет