Ескерту: пробирканы ұстағышқа пробирка қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және пробирка қақпақшасының тығынын теседі. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда пробиркаға қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.
Ине ұстағыштан пробирканы алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.
5.Мұрыннан жағынды алу мақсаты, көрсетілімдері, іс-әрекет алгоритмі. Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.
Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен ауызы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды, тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, бетпердені, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.