«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері



бет25/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол
1 срс
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, бетпердені және қолғапты киіңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

  5. Пациентті горшокқа немесе дәрет ыдысына отырғызыңыз.

  6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

  7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  8. Петри табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

  9. Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 1,5-2 см көлемді «тегістік жер» жасап, (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты жағыңыз.

  10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

  11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске поролонмен тығыздап салыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты,бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

  • нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, дәрет ыдысынан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

  • материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;

  • материалды алу антибиотиктер мен сульфаниламидты препараттармен емдемес алдында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет