Срсп 1 электржетектерінің тағайындалуы мен түрлері



бет1/11
Дата13.11.2023
өлшемі12,77 Mb.
#191183
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-15 СРСП


СРСП 1


ЭЛЕКТРЖЕТЕКТЕРІНІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Өзінің негізгі функциясын – жұмыс машиналары мен меха- низмдерінің орындаушы органдарын қозғалысқа келтіруді жəне сол қозғалысты басқаруды орындау үшін ЭЖ өзіне бір-бірімен өзара байланысқан жəне өзара əсерлесетін электротехникалық, электромеханикалық жəне механикалық элементтер мен құрылғылардың жиынтығын қосады. Мұндай электромеханикалық жүйе электр жетегі атауын алған. ЭЖ жалпы құрылымдық сұлбасы 1.1-суретте көрсетілген, мұнда қалыңдатылған сызықтармен күштік энергия каналдары, ал жіңішке сы- зықтармен аз қуатты (ақпараттық) тізбектер көрсетілген.
Кез-келген электржетектің 6 негізгі элементі тұтынылатын электр энергиясы есебінен механикалық энергияны өндіретін, яғни электромеханикалық энергия түрлендіргіші болып табылатын электр қозғалтқышы (1) болып табылады. ЭЖ кейбір жұмыс режимдерінде электрқозғалтқыш жұмыс машинасының орындаушы органынан механикалық энергияны ала отырып энергияны кері түрлендіруді де жүзеге асырады.
Механикалық энергия электрқозғалтқыштан ауыстыратын құрылғы 9 (механикалық, гидравликалық, электромагниттік) арқылы жұмыс машинасының 8 орындаушы органына 7 беріледі, осының есебінен ол қажетті механикалық қозғалыс жасайды. Ауыстыратын құрылғы функциясы электрқозғалтқыштың жəне орындаушы органның қозғалыс параметрлерінің келісілген болуына негізделеді. ЭЖ дамуының прогрессивті бағыты электрқозғалтқыштың орындаушы органмен тікелей байланысуы болып табылады, ол «электржетек-жұмыс машинасы» комплексінің техника-экономикалық жұмыс көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік береді .
Электр энергиясы ЭЖ-не электрэнергия көзінен 3 келеді.



1.1-сурет

Электрқозғалтқышқа қажетті параметрлермен электр энергиясын алу үшін жəне қозғалтқыш пен электрэнергия көзінің арасындағы бұл энергия ағынын басқару үшін күштік түрлендіргіш 2 қосылады.


ЭЖ-де басқару жəне автоматтандыру функциялары аз қуатты басқару блогымен 4 жүзеге асырылады. Бұл блок орындаушы органның қозғалыс сипатын беретін U кіріс сигналының көмегімен жəне жұмыс машинасының технологиялық үрдісінің жүзеге асуы, орындаушы органның қозғалыс сипаты, ЭЖ жеке түйіндерінің жұмысы қауіпті жағдайлардың туындауы жəне т.б. жайында ақпарат беретін бірқатар U қосымша сигналдар көмегімен U басқару сигналын
өндіреді. Түрлендіргіш 2 басқару блогымен 4 бірге электржетекті басқару жүйесін 5 құрайды.
Сонымен, электр жетегі деп өзара əсерлесетін электрлік, электромеханикалық жəне механикалық түрлендіргіштерден, сондай-ақ басқарушы жəне ақпараттық құрылғылар мен түйіндесу құрылғыларынан тұратын, жұмыс машиналарының орындаушы органдарын қозғалысқа келтіруге жəне технологиялық үрдісті жүзеге асыру мақсатында осы қозғалысты басқаруға арналған электромеханикалық жүйені айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет