Дәріс 5
Тақырып. Отын-энергетикалық кешенінде энергияны үнемдеу. Электрэнергетикада, мұнай және көмір өнеркәсібінде энергияны үнемдеу.
Дәріс сабақтың мазмұны
1. Қазақстанның энергия көздері.
2. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі.
3. Өнеркәсіпте энергияны үнемдеу.
4. Қазіргі заманғы ЖЭС пен ЖЭО-лар.
5. Энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру.
Қазақстандағы ішкі бастапқы энергия көзі көмір болып табылады, өйткені елімізде көмір едәуір қоры мол және арзан болып келеді. Бастапқы энергоресурстарды жалпы тұтыну көлемінің 67%-ға жуығын көмір, 20% -н мұнай және 13%-ға жуығын газ құрайды. Еліміздің электроэнергия қажеттілігінің 80%-н көмір отыны қамтамасыз етеді, ал 10 - 12% үлесін газо-мазутты отын және 8 – 10% -ы су энергиясының үлесіне кіреді.
Отын – энергетикалық кешен (ОЭК) энергетикалық ресурстардың (ЭР) ірі тұтынушысы болып табылады және сонымен қатар осы көрсеткіштері бойынша басқа халықшаруашылық кешендердің барлығынан бірнеше есе асып отыр.
ОЭК – тің барлық саласындағы тиімді дамуы мен функциялануы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта «Ғаламдық энергетикалық үлгі» GEM-10R әдістемесі негізінде отын-энергетика ресурстарының қолайлы қолданыс жолдарын анықтайтын, электроэнергетиканың тұрақты дамуын есептеу әдісі ұсынылып отыр.
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторға мыналарды жатқызуға болады:
- сапалы ОЭР-ді жеткізу көлемін, барлық саласындағы халықшаруашылығының функциялануы мен үдей дамуының тұрақтылығын және тұрғындардың еңбегі мен өміріндегі қабылдау сатысын қамтмасыз ете отырып, елдегі ОЭК-тің өзіндік функциясын орындау қабілеті;
- энергяны тұтыну потенциялын шынайыландыра отырып, ЭР-н үнемді шығындайтын және сонымен қатар қауырттылығын төмендетіп, ЭР-дың жеткіліксіз балансына сұранысты шектейтін тұтынушылар мен халықшаруашылығының жалпы рационалды қабілеті;
- сұранысқа деген потенциялдың аздаған өсуі болатын, энергоресурстарды жеткізу және оған деген сұраныстың (ішкі тұтыну суммасы және негізгі экспорт үнемділігінің) шынайы потенциалының тұрақтылығы;
- жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша, мемлекет, қоғам, экономика құрған және ОЭР-ді жеткізушілер мен тұтынушылардың қабілеттіліктерін шыңдауға арнанған қолайлы әлеуметтік–экономикалық және халықаралық жағдайлардының негізі.
Отын – энергетикалық кешеннің төмендегілердің есебінен энергия үнемдеу облысында мүкіншіліктері жоғары:
жылуфикация;
ескірген құрылғыны бөлшектеу және модернизациялау;
газ өткізгіш комрессорды жетілдіру.
ОЭК-тағы энергия үнемдеудің маңызды бағыттары:
жаңа типтегі маневрлі конденсациялық және жылуфикациялық электростанцияларын енгізу және құру, яғни қолданыстағыны дамыту;
көмірдің ішкі циклді газификациясы бар бугазды энергоқондырғын енгізу;
жетілген геометриялық түрде орналасқан қолайлы ток жүктемесін өткізетін, жоғары өтімділігі бар (электрэнергияны жоғалтуы аз) тұрақты және айнымалы токтың жоғары және өте жоғары кернеудегі электрді беру сызығының құрылысы;
каналды және каналсыз жылуөткізгіштерге арналған тиімді жылуоқшаулағыш материалдары бар, орталықтанған жылумен қамтамасыз ету мақсатына арналған жылу сораптарын қолдану;
газды, газдық конденсатты және мұнайды қайта өңдеудегі ұлғайтылған технологиялық сызбасын енгізу;
жаңа технологиялық процестерді және құрылғыларды қолдану;
тұтынушылардың электрді, жылуды және газды тұтынуын орталықтандыру және ЭР-ты өндіру мен қайта өңдеудегі құрама әдістің қолданысын ұлғайту жолдары арқылы ішкі салалық өндірістің құрылысын жақсарту;
отынды және өнеркәсіптегі, ауылшаруашылығындағы, коммуналды–тұрмыстық тұтынудағы энергияны үнемдеуді жақсарту;
ядролық және органикалық отынмен жұмыс жасайтын электростанциядағы турбина конденсторына лақтырылатын жылу және ГТҚ газ өткізгіш магистралына айдалатын кететін газдың утилизациялық жылу есебінен екіншілік энергия ресурстарының (ЕЭР) қолданысының ұлғаюы;
ғимараттағы ауаны айдау жүйесімен суық ауа алуды орталықтандыру кезіндегі жазғы уақытта ЖЭО-ғы жылуды қолданатын жүйе құру;
Маңызды және аз шығындалушы энергия үнемдеуге ұйымдасқан –техникалық іс-шараны жатқызуға болады:
электрэнергия шығынына қатаң қадағалау мен есептеу жасау;
электрстанция мен қазандықтың физикалық және моральдық ескірген құрылғыларды бөлшектеу, қайта құру, модернизациялау;
эксплуатациялау дәрежесін және жөндеу жұмыстарының сапасы мен технологиясын жақсарту;
жылу оқшаулағыш қабатын жақсарту есебінен жылуды жоғарлатуды азайту мақсатында жылу желілерін қайта конструкциялау, яғни оларды автоматты реттеу және есептеу құралдарымен жабдықтау;
мұнай, конденсат және табиғи газды жинау, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеуді жақсарту;
тасымалдауға отынды дайындау кезіндегі энергия шығынын төмендету.
ЭР-ы бойынша энергия үнемдеу саласындағы екінші маңызды аспекті ретінде ірі масштабты, экономикалық тұрақты органикалық отындардың және жаңартылатын энергия ресурстарының шектеулі және тез қымбаттайтын ресурстарының орын ауыстыруын жатқызуға болады.
Масштабты орын ауыстырулар энергия ресурстарын үнемдеуді жоғарлатады. Орын ауыстыру бағыттары:
электрэнергиясы мен жылуды өндіру үшін атом энергиясын қолдану;
дәстүрлі емес энергия көздерін меңгеру.
Энергия үнемдеу, энергия өндіретін өнеркәсіптерде – жіберілген энергияның жылу шығынын белгіленген мөлшерде шығындаумен; ал электрэнергиясын тасымалдайтын тарататын өнеркәсіптерде – электр желісіндегі энергияның технологиялық шығынының көлемімен анықталады.
Кесте-5. ҚР электрэнергияға мұқтаждығы, млрд.квт сағ.
Құрылымы
|
2000 жыл
|
2005 жыл
|
2010 жыл
|
Қазақстанның барлық жерінде
|
47,47
|
62,2
|
72,10
|
Өнеркәсіпте
|
36,24
|
39,06
|
42,16
|
Тұрғындар және т.б.(жекекәсіп)
|
8,16
|
12,4
|
18,28
|
Транспорт
|
3,07
|
3,72
|
4,76
|
Өндірістік емес шығындар
|
6,90
|
6,82
|
7,20
|
Кесте-6. ҚР жылу энергиясына тұтынушы сұраныс көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2000 жыл
|
2010жыл
|
Тұрғындар саны, млн.адам
|
14,9
|
15,7
|
ВВП (ЖІӨ), млрд.тенге
|
2600
|
5700
|
Жылуды тұтыну, млн.Гкал соның ішінде жылуды тұтыну:
өндірістік салада
өндірістік емес салада
|
150,8
34,3
116,5
|
190,9
58,7
132,2
|
Өндірістік емес саладағы әкетілетін жылуды тұтыну,
Гкал/жыл*адам
Гкал/жыл*м²
Қалыпты м²/адам
|
7,83
0,48
16,2
|
8,42
0,44
19
|
ВВП (ЖІӨ) жылу сыйымдылығы Гкал/ жылына, $1000
|
8,24
|
4,62
|
Әкетілетін жылуды тұтыну, Гкал/адам жылына
|
10,14
|
12,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |