Жылу электрлік станциялар республиканың қазіргі заманғы негізгі энергетика саласы болып табылады.
ЖЭС-тің негізгі кемшілігі отынды жағудан алынатын жылудың тек 30 - 40%, яғни ПӘК-нің төмен, болуы.
Q – отынды жаққаннан алынатын жылу; Qэл – жылудың элетрэнергиясына айналуы;
Жылу шығыны: қазандық агрегатындағы – Qк; турбоагрегаттағы – Qтр; конденсатордағы – Qкн.
Сурет-1. Конденсациялық электр станциядағы жылулық балансы
Q – отынды жаққаннан алынатын жылу; Qэл –элетрэнергиясына айналатын жылу; Qт – жылуфикация;
жылу шығыны: қазандық агрегатындағы – Qк; турбоагрегаттағы – Qтб; конденсатордағы – Qкн.
Сурет-2. ЖЭО-ның жылулық балансы
Көрсетілген баланстан көретініміз, қазіргі заманғы жылу мен электр энергиясын бір қондарғыда өндіру КЭС- те электрэнергиясын және қазандықтарда жылуды жеке өндірудегі жанатын отынды 25% -ға үнемдеуге көмектеседі.
Кесте-7. ЖЭО-дағы отынның әкетілетін шығынын төмендетудегі негізгі бағыттар.
Іс-шара
|
Отынның әкетілетін шығынын төмендету
|
Конденсациялық энергоблокты және блокты емес электрстанциялардың құрылғыларын модернизациялау, физикалық тозған заттарды қайта бөлшектеу
|
5,2
|
Жұмыс жасап тұрған ЖЭО-дағы жылуфикациялық құрылғылардың жылулық қуатының қолданысын жоғарлату және тұрғын – коммуналды шаруашылықтың орталықтанған жылуфикациялық дәрежесін жоғарлату
|
4,5
|
Критикалық параметрден кейінгі жоғары үнемді электроблоктарды енгізу және меңгеру, үнемділігі төмен құрылғыларда электрэнергиясын өндіруді төмендету
|
3,8
|
Жұмыс жасап тұрған және енді қолданысқа енетін электрэнергетикалық құрылғылар жұмысын жобалау көрсеткішіне әкелу
|
1,5
|
Қорытынды
|
15,0
|
Жылу және электрэнегиясын өндірудегі энергия үнемдеудің келесі бағыты – барлық шығын түрлерін төмендету.
Қазандықтың ПӘК-н жоғарлатудың негізгі потенциалды мүмкіндігі мыналар:
- қазандық жұмысындағы пайдалану циклын жақсарту (жүктемені реттеу);
- технологиялық қызмет көрсетуді жоғарлату (механикалық байланыс сапасы, берілетін ауа мен отынның реттеуші мөлшері, қазнадықтың тексеру-өлшеуші құралының жұмысы, көмірдің ұсақ ұнтағын реттеу, қазандық құбырының және қыздыру бетінің тазалығы, оқшаулағыш сапасы және т.б.);
- жану процесін реттеуді жоғарлату (ауа шығынының қолайлы дәрежесі, газ зеттегіш көмегімен ауа мен оттегінің шығынын қадағалау);
- жылу утилизациялық құрылғының қондырғысы (экономайзер, ауақыздырғыш және ағынның турбуленттік дәрежесін күшейткіштер қолдану);
- радиационды шығын минимумының мәліметі;
- жандырғы құрылымын жақсарту;
- қазандық жұмысына байланысты қосымша жүйедегі электрэнергия шығынын төмендету;
- қазандықтың жаңа жұмыс режимін қолдану.
Кесте-8. Әр түрлі эксплуатациялық факторлардың қазандықагрегатының экономикалық мінездемесіне тиімді әсері
Іс – шара
|
Отынды үнемдеу
|
Отынның шығындалуы
|
Қазандықагрегатының (0,1%) газ жолында ауаны соруды төмендету
|
0,5
|
-
|
Оттықтағы (0,1%) артық ауа коэффициентінің жоғарлауы
|
-
|
0,5
|
Қазандық сыртындағы су эконмайзерін орнату
|
5-6
|
-
|
Қазандықагрегатынан кейінгі жылуды күрделі утилизациялаушы қондырғыны пайдалану және әкетілетін түтінді газдардың буға айналуынағы жасырын жылуды қолдану
|
12-ге дейін
|
-
|
Вакуумды деаэраторды қолдану
|
1
|
-
|
Әкетілетін түтінді газдардың құрамындағы СО2 – нің 1%қолайлы мәніндегі ауытқуы
|
0,6
|
-
|
Құрғақ және ылғалды отын үшін кететін түтіндік газдардың (10%) температурасының төмендеуі
|
0,6 және 0,7
|
-
|
Қазандық (10%) барабанның шығысындағы қоректендіргіш судың температурасының жоғарлауы (Р=1,3 МПа, ПӘК=0,8)
|
2,0
|
-
|
Сулы экономайзердің (10%) кірісіндегі қоректендіргіш судың температурасының жоғарлауы
|
-
|
0,23
|
Сулы экономазердегі (6%) қоректендіргіш судың қыздырылуы
|
1,0
|
-
|
Қазандықтағы төгудің нормативті мәнән (1%) жоғарлату
|
-
|
0,3
|
Сыртқы қыздыру бетін тазалауға арналған үрлеуші аппарат қондырғысы
|
2,0
|
-
|
Қазандықтың ішкі қызар бетінде 1 мм қалыңдықтағы қақ түзілуі
|
-
|
2,0
|
Конденсаттың қайтарылмайтын жылулық сызбасындағы химиялық тазартылған 1 т суды ауыстыру
|
-
|
20 кг у.т
|
Бу қазандық жұмысын су қыздырғыш режиміне ауыстыру
|
2,0
|
-
|
Төмен қысымды режимдегі (1,3 МПа) қазандық жұмысы
|
-
|
6,0
|
Қазандық жүктемесінің қолайлы 10%-да ауытқуы
төмендеу жағына қарай
жоғарылау жағына қарай
|
-
-
|
0,2
0,5
|
КИП-ті басқару режиміндегі құрылғыны сынақтан өткізу және оны эксплуатациялау
|
3,0
|
-
|
Қысымы Р=0,6 МПа болғанда будың 1 мм тесігі арқылы шығуы
|
-
|
3,3 кг у.т.
|
Газ тәрізді отынның әрбір 1000 м³ арналған қазандық күлінің жоғары жағындағы ауа қақпасы
|
17 кг у.т.
|
-
|
Қазандық шығысындағы су температурасының жоғарлауы
|
4
|
-
|
Қазақстан көмірлерінің ерекшелігі құндылығы төмен және күлділігі жоғары болады, ол органикалық отынның қолдану тиімділігін анықтайтын жағу технологиясын таңдап алуға жоғары талаптар қояды.
Күлділігі жоғары күмірді пайдалану кезінде энергоқұрылғының қалдық шығыны мен қазандықтың қыздыру бетінің ластануы артады, тіптен түтіндік газды күлдер, күкірт оксиді мен азот қалдықтарына жол берілмейді. Көмірді дәстүрлі жағу кезіндегі осы кемшіліктерді жою күрделі және эксплуатационды шығындарға әкеледі.
Көмір технологиясының негізгі даму бағыты мыналар:
- кететін газды толық тазартып, шаң тәрізді күйдегі көмірді жағу;
- қайнау қабаты бар атмосфералық және атмосфералықтан төмен қысымдағы оттық;
- құрама қондырғыларды кезекпен жанатын генераторлық газы бар көмірдің толық газофикациялануы;
- көмір аэразольдық отынды пайдалану.
Генератор құрылысының дамыған бағыттарының бірі жоғары өтімділік құбылысын қолдану болып табылады. Ресейде құрастырылған, қуаты 20 МВт болатын КТП-20 криотурбогенераторды қолданысқа енгізу электрэнергия шығынын 3 есеге және массогибритті көрсеткішті 2-2,5 есеге төмендетеді, тұну режиміндегі реактивті қуатты жоғарлатады.
Қазіргі уақыттарды ЖЭС пен ЖЭО-ларда Бутурбиналық қондырғылармен (БТҚ) қатар құрама сызбамен жұмыс жасайтын бугазды қондырғылар (БГҚ) кең етек жаюда.
Газ турбиналы БГҚ-ның бірінші сатысында алғашқы энергия көзі жұмыс денесі ретінде табиғи газ қолданылады, ал жану өнімдері екіншілік жұмыс денесіне жатады.
Екінші сатыдағы энергия көзі ретінде газ турбинасы қолданылады, ал жұмыс денесі ретінде бугенераторында өндірілетін бу қолданылады.
ЖЭО-дағы осы сызбаны нақтылау кезінде жылудың әкелінетін орташа температурасы жоғарлайды, ал әкетілетін орташа температурасы төмендейді, бұл пайдалы жұмыстың өсуіне және электрэнергиясын өндіру мөлшерін 36-45-тен 38-55%-ға дейін арзандатуды қамтамасыз етеді.
БГҚ-ға арналған өнімділігі әр түрлі қазандық – утилизаторын меңгеру отынды 20%-ға үнемдейді. Қазіргі уақытта әлемде қуаты 6,6-дан 972 МВт-қа дейін болатын БТҚ-ның 150 үлгісі қарастырылуда.
1 – компенсатор; 2 – жану камерасы; 3 – газ турбинасы; 4 – генератор; 5 – жылудың қазандық утилизаторы.
Достарыңызбен бөлісу: |