Шетел тілін оқыту әдістемесінің дамуындағы әлеуметтік тарихи шартнама



бет1/5
Дата25.12.2021
өлшемі53,15 Kb.
#105002
  1   2   3   4   5
Байланысты:
перевод


І-ТАРАУ

ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ТЕОРИЯСЫ:

ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ САТЫСЫ
1.1. Шетел тілін оқыту әдістемесінің дамуындағы

әлеуметтік тарихи шартнама
«Әдістеме» термині оқу пәні ретінде ғылыми-практикалық негіздер мен білімді меңгеру заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының теориялық тұрғыдан қолданбалы аспекті ретінде қарастырылады.

Шетел тілін оқыту әдістемесі шетел тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге бағыттайтын ғылыми сала ретінде көрсетіледі, сонымен бірге оның тұжырымында «оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген мақсаттары мен мазмұны» [1] пәннің ғылыми тұрғыдан қолданбалы саласы ретінде анықталады, сондай-ақ ол шетел тілін оқытудың тиімді әдістерін жасаумен шұғылданатын сала ретінде сипатталады [2]. Болашақ шетел тілі пәнінің оқытушыларына арналған оқу пәні ретінде шетел тілін оқыту әдістемесінің пәндік саласы шетел тілін меңгеру заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан негіздеуге үйрету болса, нысаны - шетел тілі болып анықталады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік-мәдени тұрғыдан негіздеусіз шетел тілін меңгеруді нысан ретінде алға қою формалды конструкт болғандықтан және ол мәдениетке тән арнайы категория болып табылмағандықтан білім берудің (шеттілдік білім) зерттеудің пәнаралық — кешендік басқа мәдениеті нысаны болып көрсетілуі («басқа тілі – басқа мәдениеті – тұлға») - тарихи тұрғыдан негізделген жағдаят екені аян.

Білім беру сапасына койылатын әлеуметтік талап білім беру парадигмасының өзгеруіне жағдай туғызып, шетел тілін оқытуда қоғамның құбылмалы сұраныстарына жауап бере алатын білім берудің жаңа әдіснамасын табу қажеттігін көрсетеді. Жаһандану кезеңі, өзара тығыз байланысты қоғамдар, халықаралық қарым-қатынас құралы болып табылатын шетел тілінің әлеуметтік тұрғыдан құндылығының артуы, тілдің қазіргі маманның кәсіби компетенциясының басты көрсеткіші ретінде көрініс табуына әкелді.

Қоғамдағы «тіл» статусын қайта қарау, оның оқу пәні ретідегі түсініктемелеріне тереңірек үңілу оқу және зерттеу нысанын өзгерту қажеттігін көрсетеді. Біздің жағдайымызда, жеке ғылыми багыт болып табылатын «білім беру» саласының құрамдас бөлігі болып «шеттілдік білім беру» анықталар болса, оның ғылыми тұрғыдан дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес келетін бөлігі ретінде «шетел тілі» көрсетіледі.

Соған сәйкес, «тілдік білім беру» копаспектілі және кешенді біртұтас ретінде негізделеді және ол тұлғаны оқыту және тәрбиелеу арқылы қалыптастыруды көрсететін педагогикалық категория ретінде танылады.

Осыған байланысты, шетел тілін оқыту ғылыми негізге сүйенген жеке білім беру парадигма ретінде келесідей құрылымда көрініс табуы тиіс: 1) өзінің жеке әдіснамасы бар; 2) өзіне тән сипаттамалары бар; 3) ғылыми таным мен зерттеулерде бір жүйеге негізделген; 4) бірыңғай теориялық тұғырнамасы бар; 5) өз категориялары мен ұғымдары бар.

Тілдік білім беру жүйесі, кез-келген жүйе секілді, белгілі бір алға қойылған мақсаттар мен жоспарланған нәтижелерге жету үшін қызмет етеді, ол біздің жағдайымызда шеттілдік білім беру жүйесін анықтауды талап етеді.

Сондықтан «шетел тілін» уақыт талабы қойып отырған шеттілдік білім берудің бірыңғай жүйесі ретінде зерттеу мен меңгеру нысаны ретінде қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Олай болса, қазіргі шеттілдік білім беру теориясының даму сатысына шолу жасайық.

«Шеттілдік білім беруді» жеке ғылыми білім беру жүйесінде алып қарастыру оның даму үстіндегі ғылыми зерттеудің нысаны ретінде көрінуіне мүмкіндік жасайды және ол бүгінгі күн тәртібіне шешімін табуға қажетті көптеген мәселелерді алға қояды.

Білім берудің кез-келген жүйесі ғылыми теория және қолданбалы дидактика тарапынан алғанда «оқыту әдістемесіне» сүйенеді, ол дәстүрлі ұғымда төмендегідей сипатқа ие болады: 1) «оқытудың жүйесін, әдіс-тәсілдерін, құралын, заңдылықтары және мақсаттары мен мазмұнын зерттейтін ғылым ретінде (А.А.Климентенко, А.А. Миролюбов) [3]; 2) белгілі бір оқу пәні заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының саласы ретінде (А.Н. Щукин) [4]; 3) кез-келген ғылымға тән өз жеке заңдылықтары мен зерттеу әдістері бар өз бетінше педагогика ғылымы, атап айтар болсақ теориялық базасы, зерттеу болжамдарының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибелік алақайлары, сондай-ак оку жағдаятында меңгеру нысаны болып табылатын шетел тілінің мәнін анықтайтын зерттеу нысандары бар (Г.В. Фокина) [5]; 4) әдістеменің екі жүйе тоғысында көрініс табатын барлық пәндік нысандық саласын қорытындылайтын шетел тілін оқыту жүйесі ретінде (ИЛ Бим) [6]; 5) шетел тіліндегі сөз әрекетінің түрлерін меңгеруге бағытталған оқытушы мен студент әрекетінің негізін қалайтын шетел тілін оқыту және меңгеру ғылымы ретінде (М.К. Бородулина, А.Л. Карлин және т.б.) [7]; 6) шетел тілін оқыту үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым ретінде; шетел тіліндегі ақпарат көздері негізінде оқыту әдісі, құралы, мақсаттары мен мазмұнын зерттейтін ғылым ретінде (Н.И. Гез, М.В. Ляховицкий, А.А. Миролюбов және т.б.) [8]; 7) «оқыту мақсаттары мен мазмұнын» ғылыми тұрғыдан негіздеу зерттеу пәні болып табылатын, сондай-ақ қойылған мақсаттарға сәйкес, оқыту мазмұны мен шартын ескере отырып оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ғылыми тұрғыдан жасайтын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде (Н.Д. Гальскова) [9].

«Шетел тілін оқыту әдістемесі» қазіргі түсіндірмеге дейін озінің даму сатысында ХХ-гасырдың 30-жылдарында 1) «салыстырмалы тіл білімінің практикалық бөлімі» (Е.М., Рыт); 2) «қолданбалы тіл білімі» ретінде сипатталса (А.В. Щерба); 3) бір кездерде ол өзіне тән заңдылықтары жоқ деп анықталып өз бетінше жеке ғылым ретінде қарастырылмады (И.В.Рахманов); 4) одан кейінгі кезде «қолданбалы психология» ретінде танылды (Б.В. Беляев); тек 50-жылдары әдістеме педагогика ғылымының бір саласы ретінде", 5) содан біршамар уақыттардан соң өзіне тән заңдылықтары, максаты мен мазмұны және т.б. бар педагогика ғылымы ретінде таныла бастады.

«Шетел тілін оқыту әдістемесінің» ғылыми тұрғыдан дербестігі мен статусына байланысты анықтамалар осы даулы теориялык-әдіснамалық мәселедегі өз көзқарасымызды аныктауда кажет болмақ.

«Шетел тілін оқыту әдістемесінің» педагогика ғылымының құрамына енетінін тануда ғалымдар ортақ пікірде, дегенмен кейбір ғалымдар оны оз бетінше дербес ғылым деп корсетеді. Көп жағдайда ғалымдар әдістеменің нысандық-пәндік саласы мен ғылыми-қолданбалы құрылымының құрамдас бөліктерін анықтауда түрлі пікірлер білдіреді. «Шетел тілін оқыту әдістемесінің» зерттеу нысаны ретінде технологиялылығы, қолданбалы нәтижиелігі және бағыттылығы, көпсалалығы мен басқа пәндермен тығыз байланысы:


  • -бір жағынан оның оқу пәні ретінде функционалды сипаттамасын ғылыми нысан ретінде басқа категориялды ерекшеліктерімен алмасуын негіздейді;

  • -екінші жағынан, ол әдістеменің дамуындағы ішкі жүйе мен жүйеаралық механизмдерін, жеке лингводидактикаға тән тар көлемнен шығып, дербес ғылыми ая ретінде бекітілуіне мүмкіндік береді.

Жалпы бұл айтылғандар «щетел тілі оқыту әдістемесінің» шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасындағы мәліметтер жиынтығын көрсететін оқу пәні ретінде кең танылғанын дәлелдейді (ғылыми тұрғыдан негізделген мәліметтердің басым бөлігі әдістемемен тығыз байланысты ғылымдардан алынады), ал оның жеке ғылыми сала ретінде танылуы, біріншіден, оның ғылым екенін дәлелдейтін барлық сипаттамалар мен талаптарда, көрінсе, екіншіден, тілді меңгеру үрдісін зерттеп, оны үйретуді тиімді технологиясын жасайтын дербес ғылым ретінде танылғанына байланысты болып табылады.

Кей аралықтарда «шетел тілі оқыту әдістемесі» шетел тілін оқыту технологиялары мен оқытудың қазіргі әдістерінің жиынтығымен айналысатын қолданбалы дидактикалық пән ретінде анықталады.

«Шетел тілі оқыту әдістемесінің» ғылыми-теориялық қалпын анықтау мәселесіндегі дау мен жеке әдістемелік ғылыми тұғырнаманы шетел тілі оқыту әдістемесінің барлық пәндік-нысандық және ғылыми-практикалық саласын ғылыми-педагогикалық парадигма ретінде іздеу қажеттілігінен туындап отыр және ол бүгінде вербалды қатысым мен халықаралық қарым-қатынастың белсенділігінің ұлтаралық қажеттілігі маңызды болып отырған кезде өзекті болмақ.

«Әдістеме» ұғымының дидактикалық-функционалды құрылымындағы жетекші қолданбалы құрамдас бөлігі «әдістеменің» ғылыми-теориялық қалпын анықтауда күмән мен ғылыми тұрғыдан дау туғызудың көзі болды. XX – ғ. 60 жылдарында әдістемені кез-келген басқа ғылымның құрамына енгізуге деген ниеттің болуы оның дамуын тежеді.

XX ғасырдың бірінші жартысында-ақ шетел тілін оқыту әдістемесі «қолданбалы лингвистика» ретінде анықталды, ол шетел тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздерін жасауға мүмкіндік берді. Лингвистикалық тұрғыдан талдау әдісі ретінде түсіндірілген «саналылық үрдісінің» басым орын алуымен шетел тілін оқыту үрдісін ұйымдастыруда және аударма жасауда ек тілдегі тілдік бірліктерді салыстыру, материалды игеруді жаттап алу арқылы жүзеге асыру «шетел тілін оқытудың» грамматткалық аударма әдісіне тән сипаттамалар болып табылады (Л.В. Щерба, Е.М. Рыт).

30-40 жылдары «щетел тілі оқыту әдістемесін» «қолданбалы лингвистика» ретінде сипаттауда ғылыми пікірталас алаңқайында «әдістеме», «қолданбалы дидактика» деген «ғылыми көзқарас» пайда болды. Ол аталған екі ұғымның жалпы және жеке дидактикамен ортақ жайттары көптігінен деп түсіндірілді. Мұндай көзқарас XX ғ. 60 жылдардағы ғалымдардың еңбектерінде де байқалды (Е.Иү Перовский, Ю.К. Бабанский, В.С. Цетлин, Э.П. Шубин және т.б.).

Сөз психологиясын, сөз тудыру механизмдерін зерттеп білу, адам психофизиологиясы функциясының дамуы (П.П. Блонский, Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубенштейн, Н.И. Жинкин және т.б.) аталған ұғымдардың әдістеме ғылымының дамуына тиімді әсерін тигізіп қана қоймай, «әдістемені» психологияның меншігіне жүктеді (В.А. Артемов, Г.В. Репкин, Б.А. Бенедиктов, Г.В. Карпов). «Шетел тілін оқыту әдістемесін» «қолданбалы психология» ретінде сипаттауда танымал психолог Б.В. Беляевтің пікірінше, шетел тілін оқыту әдістері тіл үйренушінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне негізделіп анықталадф деп көрсетіледі, соның негізінде ғалым (шетел тіліне) оқытудың саналы-практикалық әдісі тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған көзқарас біршама уақыт өз үстемдігін жоймады.

XX ғасырдың 50 жылдарында отандық педагогикада Л.В. Щербаның «шетел тілін оқыту әдістемесін» «қолданбалы лингвистика» деп көрсетуі өз жалғасын тапты (И.В. Рахманов, Ю.В. Розенцвейг, О.С. Ахманова және т.б.). Бұл кезеңде тілді оқып-үйренуде «жүйелі-құрылымдық» әдіс кең тарала бастады. Ол шетел тілін оқытуды тұтас бір тілдік жүйе ретінде көрсетті. Мұнда грамматикалық үлгілеу, парадигматикалық өзгеру бойынша тасымалдау жаттығулары басым болды, грамматикалық ядролық коснтрукцияларды таңдау, оқыту бірліктері ретінде сөйлем түрлері мен үлгі сөйлемдерді таңдау, оқыту бірліктері ретінде сөйлем түрлері мен үлгі сөйлемдерді таңдау, оқу материалдардың практикалық сабақтарда қолданылуында билингвизм және интерференция туралы білімнің әсері, яғни құрылымдық лингвистика мен лингвистикалық жүйелілік шетел тілін оқытуда кеңінен орын алады.

60 жылдарға дейін лингвистикалық жүйелілік туралы пікір шетел тілін оқыту тәжірибесінде шетел тіліне оқытудың деңгейлік үлгісі ретінде берік қалыптасты және тілдік жүйе мен оны жүзеге асыру оқытудың нысаны ретінде алдыңғы қатарға шықты (А.Л. Карлин, А.С Лурье, Л.М. Уман, Г.А. Богин және т.б.).

60 жылдардың ортасы щетел тілін оқыту әдістерінің қалыптасуындағы үлкен өзгеріс кезеңі болып танылады. Бұл кезеңге «шетел тілін оқыту әдістемесін» білімнің педагогикалық саласы ретінде анықтау туралы пікірлер жатады. «Саналы практикалық» әдіс (Б.В. Беляев) шеңберінде айтарлықтай өзгерістер орын алды.



  • шетел тілін оқытудың лингвистикалық негіздерінен психологиялық әрекеттік теорияға бағыт таңдаоып алынды;

  • шетел тіліне оқытуды практикалық тұрғыдан жүзеге асыру басты орынға ие болды; тілдік үлгі оқытудың бірлігі ретінде сипатталады;

  • психолингвистикалық негізге сүйенген әдістеме тілдік-сөздік дағдыларды қалыптастырудың алгоритмдік үлгісіне ие болды (ой әрекетін сатылай қалыптастырудың психолингвистикалық теориясы – П.Я. Гальпериннің меңгеруді басқару теориясы).

Білім беру мақсаттары сөз әрекетінің процессуалдық әрекеттік қабілетіне өзгеріп жатса да, репродуктивтік сөзде және берілген тілдік актілерде қолданылатын тілдік дағдылар қол жеткізілген нәтижелер ретінде сипатталады.

Шетел тілін оқыту әдістемесі лингвистердің тілді оқшауланған жүйе ретінде емес, адам қарым-қатынасының құралы ретінде қарастыруына негізделді.

Өткен ғасырдың 70-80 жылдары халықаралық байланыстардың артуына байланысты шетел тілін практикалық тұрғыдан шынайы меңгеру туралы туындаған әлеуметтік сұранысы шетел тілін оқытуда белсенді, қатысымдылыққа бағдарланған әдіс-тәсілдерді іздеу қажеттігін көрсетті.

Лингводидакттер атап көрсеткендей, шетел тілі өткен ғасырдың 80-жылдарында-ақ көпкомпоненттік құрылым ретінде танылды. Шетел тілін меңгеру нысаны ретінде келесідей компетенциялар қатары ұсынылды: лингвистикалық, қатысымдық, этномәдени, лингвоелтанымдық және т.б. Ол әдістеме алдына өзекті мәселені қоя білді, яғни қатысымдық деген ұғымды көрсететін оқыту мазмұнының біртұтастығын және біртектілігін, оның құрамдас бөліктерінің дискреттілігін жеңе білу, оқыту мазмұны мен оқыту бірлігіне сәйкес ұғымдарды анықтау қажет болды.

Психологияның бастапқы «әрекеттік» тұғырнамасын отандық психологтар қаласа да (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев), шетел тілін оқыту әдістемесіндегі «әрекеттік әдіс» отандық психолингвистер мен әдіскерлердің де шетел тілін оқытуға тән заңдылықтарын сcксре отырып жасалды (А.Р. Лурия, А.А. Леоньтев, И.А. Зимняя, А.М. ІШахнарович, И.Л. Бим және т.б.), бұл әдіс әдістемеде «қатысымдық» деп көрсетіліп, тіл үйренушінің өз бетінше «әрекетінен» аулақ болып, сөздік-тілдік жүйеге негізделе отырып, білім, дағды, іскерлік арқылы сөз әрекеті түрлерінің (сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу, жазу) қалыптасуына бағытталды.

Осыған байланысты аталған әдіс:



  • тіл үйренуші бойында қатысымдылыққа негізделген іскерліктердің қалыптасуын жүзеге асыра алмады, яғни оларды еркін вербалды карым-қатынасқа дайындай алмады;

  • негізгі деп көрсетілетін басқа іскерліктердің (әлеуметтік- мәдени, лингвистикалық, стратегиялық және т.б.) орны мен маңызы анықталады:

  • оларды қалыптастыруда сүйенуге болатын деректер аныкталмады;

  • оларды «қатысымдық іскерліктер» құрылымына енгізу механизмі айқын болмады және олар қатысымда сенеративтік түрде көрініс табуға тиіс болды;

70-жылдары пайда болған тіл мен сөздің әлеуметтік-функционалдық тұрғыдан жүзеге асыру мүмкіндігін көрсеткен лингвистикадағы бетбұрыс «сөз әрекеті теориясы» психи-лингвистикалық парадигмасымен бірге маңызды операциялық бірлік ретінде «тілдік актінің» (тілдік актілер теорисы) дамуын алға тартты. Бұл 80-жылдары шетел тілін оқыту әдістемесіндегі кейбір өзгерістердің болуына өз септігін тигізді және шетел тілін оқыту әдістемесінде қатысымдық әдіс (Е.И. Пассов, И.Л.Бим); интенсивтік әдіс және оның түрлері (Г.А. Китайгородская, Г. Лозанов); функционалдылыкка бағытталған әдістер (М.А. К. Холлидей); ұгымдық-когнитивтік әдіске "негізделген психологиялық үлгілер (Д.А. Вилкинс) және т.б. әдістердің пайда болуына әкелді.

Осылайша әрекеттік әдістің басымдылығында шетел тіліноқытудағы «қатысымдық әдіс» қатысымдылыққа негізделген дидактикалық жүйе ретінде емес «қатысымдылыққа бағдарланған әдіс» ретінде қарастырылды (іріктеу, қатысымдық сфера, интенция, функция, әлеуметтік рөл, жағдаят және т.б. секілді қатысымдық оқу категориялары мен бірліктерін ұйымдастыру). Сондықтан жоғарыда атаған іскерліктер құрамы қатысым үшін жасанды мотивация шартында жүзеге асырылатын (катысымдық емес) тілдік интенцияларда қатысымдылыкқа негізделген іскерліктер кешені ретінде қалыптаса алмады.

Шетел тілін меңгеру деңгейінде қатысымдық нәтижені қамтамасыз етудің әлеуметтік тұрғыдан қажеттілігі, шетел тілінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде мақсаттық міндетін ұғыну және оның негізгі функцияларын (қатысымдық) нысан ретінде қалыптастыру откен ғасырдың 70-80 жылдары зерттеудегі тілдік карым-катынастың психологиялық-дидактикалык негізін, вербалдық қарым-қатынастың функционалды-әрекеттік құрылымдылық үрдістерін, ойлау-сөйлеу және ақпараттардың қатысым үрдісінде функционалды-кодталу тұрғыда тасымалдануын, қайта өңделуін және т.б жеделдетілген түрде жасауға алып келді.

Вербалды қатысымның кешендік-құрылымдық мәні оның жүйелі-функционалдық тұрғыдан зерттелуін және шетел тілін оқыту әдістемесі үшін төмендегідей екі бағытта сипатталуын талап етеді:



  • вербалдык карым-катынастың функционалды-реализациялык регистрі:

  • карым-қатынас құралы ретінде тіл функциясының ойлау-сөйлеу үрдістерін дәлелдейтін когнитивтік механизмдер.

Әрекет үғымын тілдік қарым-қатынас туралы теориялық түсінікке снгізу тілдік қарым-қатынастың функционалды үлгісінің пайда болу бағытында дамыды, ол шынайы қатысым жағдаятында суздің қалыптасуы мен оның функциясының заңдылықтарын ескеретін психолингвистиканың үшінші даму кезеңі (Дж. Серл, Д. Вундерлих және т.б.) деп аталатын сөз әрекетінің отандық теориясында бастау алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет