СРСП 2
ЭЛЕКТР ЖЕТЕКТІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ БІРМАССАЛЫ СҰЛБАСЫ.
ЭЖ механикалық бөлігін құрайтын элементтер өзара байланысқан жəне сондықтан бір-біріне сəйкесінше əсер етеді. Сол себепті, кез-келген элементтің механикалық қозғалысын талдау кезінде оған ЭЖ кинематикалық сұлбасының басқа элементтерінің əсерін ескерген жөн.
Келтіру операциясын тереңірек қарастырамыз да көтергіш шығырдың ЭЖ механикалық бөлігі мысалында сəйкес матема- тикалық формулаларды аламыз, оның кинематикалық сұлбасы 2.1,а-суретте көрсетілген. JД инерция моментімен айналмалы қозғалыстың электрқозғалтқышы 1 тегершіктер жұбымен 5 жəне 6 бірсатылы редуктор 4 арқылы көтергіш шығыр барабанын 8 ωб бұрыштық жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді, ол трос 9 жəне ілгек 10 көмегімен VИО бұрыштық жылдамдықпен т массалы жүкті 11 көтереді.
Сұлбада сондай-ақ біріктіруші механикалық жалғастырғыштар 3 жəне 7 көрсетілген, олардың біріншісі механикалық тежеуішке 2 тегершік қызметін атқарады. Келтірілген кинематикалық сұлбаның барлық элементтері абсолютті қатты жəне олардың арасында саңылау болмайды деген жорамалды қабылдаймыз.
Келтіру операциясын қозғалысы қарастыруға келетін кез-келген элементке қатысты орындауға болады. Әдетте бұндай элемент ретінде механикалық қозғалыс көзі болып табылатын қозғалтқышты 1 таңдайды. Бұл жағдайда келтіру операциясының мəні ЭЖ механикалық бөліктерінің реалды сұлбасы (2.1,а-суретті қараңыз) негізі қозғалтқыш 1 болып табылатын, ал қалған элементтері əлі белгісіз келтірілген жүктеме (кедергі) моменті М жəне инерция моменті J
болатын есептеу (эквивалентті) сұлбасымен алмастырылуы болып табылады. Мұндай есептеу сұлбасы бірмассалы сұлба немесе қатты келтірілген механикалық түйін атауына ие.
2.1-сурет
СРСП 3
КӨПМАССАЛЫ ЕСЕПТЕУ СҰЛБАЛАРЫ
ЭЖ реалды кинематикалық сұлбалары орталарында саңылау болуы мүмкін иілгіш элементтерден (ақырғы қатаңдық элемент- тері) тұрады. Мысалы, 2.1,а-суреттегі сұлбада солай, ондай сер- пімді элемент жүк ілінетін трос 9 болып табылады. Айтарлықтай созылыңқылық кезінде серпімді элементтерге біріктіруші біліктерді де жатқызуға болады. Бұл сұлбада саңылаулар біріктіруші жалға- стырғыштарда 3 жəне 7 сондай-ақ тістегершікті іліністе жəне мой- ынтіректе болуы мүмкін.
Серпімді элементтер мен саңылаулардың болуы ЭЖ механикалық бөлігінің есептеу сұлбасын көпмассалыға айналдырып қиындатады. Егер бір элементтің серпімділігі мен саңылауларды есепке алынып, бірақ ескерілмесе, онда келтіру операциясын орындау ЭЖ механикалық бөлігін екімассалы есептеу сұлбасы түрінде (2.4-су- ретте көрсетілген) елестетуге мүмкіндік береді
\.
2.4-сурет
Бұл сұлбада қатаңдық коэффициентіне ие серпімді элемент 2 сəйкесінше инерция моменттері J1 жəне J2 болатын екі массаны 1 жəне 3 байланыстырады. Массалардың біріншісі кинематикалық сұлбадағы өзіне қозғалтқыштың қозғалатын бөлігінің жəне онымен тығыз байланыстағы элементтердің массасын қосатын жылдамдықпен айналады, ал екіншісі өзіне орындаушы органның жəне онымен тығыз байланысқан элементтердің массасын m2 жылдамдықпен қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |