Срсп 1 электржетектерінің тағайындалуы мен түрлері


Статорға келтірілген кернеу жиілігін өзгерту



бет4/11
Дата13.11.2023
өлшемі12,77 Mb.
#191183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-15 СРСП

Статорға келтірілген кернеу жиілігін өзгерту əдісін іске асыру үшін кернеу жиілігін реттеуші құрылғы қажет. Мұндай құрылғылар тиристорлар (тиристорлық жиілік түрлендіргіштері ТП-Ч) немесе күштік транзисторлар (транзисторлық жиілік түрлендіргіштері) негізінде жасалады.
Қозғалтқышты тиристорлық жиілік түрлендіргішіне ТП-Ч қосудың қарапайымдатылған схемасы 2.32-суретте көрсетілген.
Жиілік түрлендіргіш түзеткіштен В, сүзгіштен Ф, автономды инвертордан АИН жəне басқарушы құрылғыдан УУП тұрады.
Электржетегінің жылдамдығын реттеу барысында жиілік түрлендіргішінің шығысындағы жиілік пен кернеу өзара байланысты қажетті қатынаста өзгереді. Жиілікті өзгерте отырып, қозғалтқыш роторының айналу жиілігін кең шектерде жатық реттеуге болады. Сонымен қатар, реттеу барысында жүктеменің берілген мəнінде асинхронды қозғалтқыштың сырғуы қатты өзгермейді, яғни ротор тізбегіндегі шығындар сырғуға пропорционал болғандықтан, олар да қатты өзгермейді, бұл энергия үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты жиілік түрлендіргішке қосу.

СРСП 6
Синхронды қозғалтқыштардың электромеханикалық қасиеттері


Синхронды қозғалтқыштардың электромеханикалық қасиеті (1.33-суретте) [13] келтірілген үш сипатпен анықталады: механикалық, қосу және бұрыштық. Механикалық сипатта қозғалтқыш тұрақты синхронды айналу жиілігімен жұмыс істейді. Бұрыштық сипат ϑ бұрышының (статордағы кернеумен ротордың ЭҚК арасындағы бұрыш) жүктеме моментінен тәуелділігін анықтайды. Бұл сипаттың талдауынан,қозғалтқыштың айнымалы моменті жүктеменің белгілі бір шамасына Ммах дейін ұлғаюымен көбейеді. Жүктеме моментінің шамасы Ммах көбеюі статор мен ротордың синхронды айналым өрісінің бұзылуына (синхронизмнен түсіп қалуына) және қозғалтқыштың тоқтап қалуына келтіреді.

1.33-сурет. Сипаттар: а қосу 1,2, механикалық 3; ә бұрыштық


Синхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау режимінің ең күрделісі оны іске қосу болып саналады. Қозғалтқыш синхронды режимде жұмыс жасау алдында, саңылаудағы магнитті өрістің айналу жиілігіне жақын жиілікке дейінгі екпінді қажет етеді. Мұндай жылдамдықта зәкірдің айнымалы магниттік өрісі индуктордың магниттік өрістерінің полюстарына қармалады.
Екпін үшін әдетте асинхронды режим қолданылады, бұл режимде дәл асинхронды машинадағыдай реостат арқылы немесе қысқа индуктордың орамдары тұйықталады, және мұндай іске қосу режим үшін ротор машиналарында қосымша мәселелерді шешетін, синхрондау кезінде ротордың «тербелуін» жоятын тыныштандырғыш орам болып келетін, қысқа тұйық- талу орамын жасайды. Номиналдыға (>95%) жақын жылдамдық шыққаннан соң индукторға тұрақты ток беріледі.
Тұрақты магниттері бар қозғалтқыштарда қозғалтқыштардың сыртқы екпіні қолданылады.
Көбінесе білікке электромангиттерді қоректендіретін тұрақты токтың кішірек генераторын қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет