Ауруханаға көп реттік кекірулер салдарынан үдемелі дистрофиямен айлық бала тусті,анамнезінен бала туғаннан салмақ қосуы нашар, үлкен дәретінің тұрақсыздығы белгілі



бет2/3
Дата03.07.2023
өлшемі25,77 Kb.
#179306
1   2   3
Байланысты:
Педиатрия Ару

Ашық артериальді түтік
6. 11 айлық бала стационарда физикалық дамуының артта қалуына, дене салмағы 7 кг,физикалық және эмоциянальді жүктеме кезінде ентігу, цианоздың пайда болуына шағымданып түседі. Қараған кезде: тері жамылғысы цианозды, «барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары анықталады. Салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жақ- бұғана сызығы, оң жағы- оң жақ парастернальді сызық деңгейінде. ЖСЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі. Сол жақта 2 ші қабырғааралықта 2-ші тон әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз?
Тетрадо Фалло
7. 14 жастағы бала,клиникаға келесі шағымдармен түседі, АҚ 180-200 дейін жоғарлауына, мұрнынан қан кетуге және бас ауруына шағымданып түседі. Баланың диспропорционалді дамуын тексерген кезде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі әлсіз. Қолда артериялық қысым 180, аяқта 90. Диагноз?
Қолқа коарктациясы
8. 6 айлық бала бөлімшеге мына шағымдармен түсті, ентігу, емуінің қиындауы, физикалық дамуының артта қалуы, құсу, қайталамалы суық тиюлер, түнгі уақытта ыңырсулар. Анамнезінде: анасы жүктіліктің 7 айында тұмаумен ауырған. Бұл шағымдар бала туылғаннан бері байқалған, бірақ соңғы уақытта қалыпты жағдайы нашарлаған. Қарау кезінде: баланың жалпы жағдайы ауыр, айқын тыныс және жүрек жетіспеушілігіне байланысты бозғылт, әлсіз. Туылған кезде салмағы 3 кг, түскен кездегі 5200г. Беті, табандары ісінген. Тыныштықта ентігу, мазасызданған , тахикардия байқалады. Жүрек үндері тұйық, аритмия, бауырдың екі бөлігі + 5 см шығып тұр. Зерттелген рентгенограммада: кардиомегалия. ЭКГ: антриовентрикулярлы блокада. УДЗ: жрек қуыстарының делетациясы, миокард гипокинезі. Диагноз?
Туа біткен кеш кардит
9. Ауруханаға келесі шағымдармен бала түсті: тізе буындарының ісінуі, қимылдауы шектелген, субфебрильді температура. 3 апта бұрын ангинамен ауырған. Осы ауру табан буындарының ісінуімен және ауырсынумен басталды. Сәл басылды, бірақ тізе буындары қосылды. Қарағанда интоксикация. Тізе буыындары ісінген, қимылы шектелген, тізелері ыстық, жүрек көлденең шекаралары ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, жүрек ұшында систолалық шу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет