Экзогенді инфекциялардың таралуы аурухана жағдайында болатындықтан инфекция көзі жандылар және жансыз заттар болуы мүмкіп. Жанды инфекция көздеріне:
- пациенттер (науқастар);
- медицина қызметкерлері;
- келіп-кетушілер жатады.
Пациенттер арасында инфекция көзі ретінде кеселдің атипті, айқын белгісіз түрімен науқасталғандар ерекше қауіпті.
Медициналық қызметкерлер және келіп кетушілер (және де пациенттер арасында да) инфекция көзі ретінде бактерия тасымалдаушылар бола алады. Мысалы, барлық адамдарды стафилококк тасымалдаушылығы бойынша 3 топқа бөледі:
Осы категорияға жататын дені сау адамдардың арасында алтынша стафилококты «күшті таратушылар», және де қышыма, шиқан, ойық жаралары бар, яғни микробтармен мол контами- пацияланған инфекция ошағы бар науқастар ерекше қауіпті.
Жансыз инфекция көздеріне яғни экзогенді инфекция тарату факторларына жатқызылады: