Ауруханаішілік инфекция. Жоспары


Ауруханалық ортаның сипаттамасы



бет3/4
Дата03.10.2024
өлшемі6,06 Mb.
#205573
1   2   3   4
Байланысты:
аурухана ішілік инфекция

Ауруханалық ортаның сипаттамасы.

  • Экзогенді инфекциялардың таралуы аурухана жағдайында болатындықтан инфекция көзі жандылар және жансыз заттар болуы мүмкіп. Жанды инфекция көздеріне:
  • - пациенттер (науқастар);
  • - медицина қызметкерлері;
  • - келіп-кетушілер жатады.
  • Пациенттер арасында инфекция көзі ретінде кеселдің атипті, айқын белгісіз түрімен науқасталғандар ерекше қауіпті.
  • Медициналық қызметкерлер және келіп кетушілер (және де пациенттер арасында да) инфекция көзі ретінде бактерия тасымалдаушылар бола алады. Мысалы, барлық адамдарды стафилококк тасымалдаушылығы бойынша 3 топқа бөледі:
  • - тұрақты тасымалдаушылар (20 %)
  • - тұрақты тасымалдамаушылар (10 %)
  • - тұрақсыз (алмасып тұратын) тасымалдаушылар (70 %)
  • Осы категорияға жататын дені сау адамдардың арасында алтынша стафилококты «күшті таратушылар», және де қышыма, шиқан, ойық жаралары бар, яғни микробтармен мол контами- пацияланған инфекция ошағы бар науқастар ерекше қауіпті.
  • Жансыз инфекция көздеріне яғни экзогенді инфекция тарату факторларына жатқызылады:
  • - ауруханалық жайлардағы заттар,
  • - микробтармен контаминацияланған саймандар, қондырғылар,
  • - контаминацияланған медикаменттер (эсіресе ертінділер),
  • - тағамдар, су, ауа, сирек жағдайда - топырақ.
  • АІИ-ң экзогендік таралу жолдары:
  • - контакты-жанасу (тура, жанама контакт)
  • - тамшылы (ауалы-тамшылы)
  • - ауалы (ауалы-шаңцы)
  • Аурухана жағдайында ең кең жайылған инфекция таралу жолы- жанама контакт. Өте сирек жағдайда трансмиссивті жолмен жұғуы мүмкін.

АІИ-ң таралуына әсер ететін факторлар

  • 1. Таңу материалдарын, инелерді, шпирцтерді, аспаптарды, инфекциялық ерітінділерді стерилдеу ережесінің бүзылуы.
  • 2. Стерилді заттардың ластануы.
  • 3. Дезинфекциялық ережелердің бүзылуы (әсер етуші агент концентрациясының төмендеуі, ерітіндінің уақтылы ауыстырылмауы, өңдеудің сапасыз болуы т.б.).
  • 4. Науқасты оқшаулаудың бүзылуы.
  • 5. Палатада науқастарды тығыз орналастыру, көйлек-көншек санының жетіспеушілігі.
  • 6. Медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін мүқият орындамауы.
  • 7. Мед. персонал және науқастардың жеке бас гигиенасы тәртіптерін орындамауы.
  • 8. Мед. персонал бактерия тасымалдаушылыққа дер кезінде тексерілмеуі.
  • 9. Аурухана жайларын уақтылы жинастырмау, ыстық және салқын сумен түрақты қамтамасыз етпеу.
  • 10. Антибиотиктерді ретсіз тағайындау.
  • 11. Бір рет қолданылатын шпирцтердің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет