Науқас емдеу мекемесіне түскенде қабылдау бөлімі аркылы өтеді. Онда кабылдау, тіркеу, қарау, гигиеналық өндеу және науқастарды тасымалдау жүргізіледі. Науқастар қабылдау бөліміне жоспарлы тәртіппен емханадан жолдама арқылы немесе жедел жәрдем келігімен әкелінеді. Қабылдау бөлімі аурухананың жоспары мен құрылысыңа байланысты орналастырылады. Қабылдау белімі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып белінеді. Орталықтандырылған қабылдау белімі бір ғимаратта аурухананын барлық бөлімшелерімен бірге орналаскан. Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналаскан, яғни әрбір бөлімшенін өзіне тән қабылдау бөлімі болады. Қабылдау бөлімі науқастарды қабылдау және шығару есебімен бірнеше бөліктерден түрады:
1. вестибюль - науқастарды және олардын туыстарын күтетін орын. Бұнда гардероб, тіркеу орны, аурухананын аныктама столы орналаскан.
қарау бөлімшелері - бір-бірінен алшақтанған немесе бокстардан түрады.
санитарлық өткізгіш - шешіну орны, себіл, киінетін жерден түрады.
медициналық манипуляцияларды орындайтын орындар - егу бөлімшелері, операциялық тану орындары.
рентген кабинеті және лаборатория.
кезекші дәрігердід кабинеті.
жуынатын, жинастыратын орын.
Қабылдау бөлімінде медбике науқастарды тіркейді. Әрбір түскен науқаска ауру тарихынын алғашқы бетін толтырады. Содан кейін наукас туралы қабылдау журналына енгізеді және алфавитгі журналға науқастын туған жылы және бөлімшеге түскен күні көрсетіледі. Дәрігер және медбике әсері науқаска байланысты, ауру және науқас жағдайына тәуелді. Егерде науқас ес-түсін білмей түскенде наукас жайлы мәліметтерді туысқандарынан немесе әкелген адамдардан жинайды. Егерде құжаты болмаған жағдайда және науқас туралы мәлімет алмағанда, ес-түсін білмегеңде, оның ауруханаға түсуін тіркеу журналына сыртқы көрінісіне қарап тіркейді, және милицияға хабарлайды. Қабылдау бөлімінде жедел жәрдем көрсетуге керекті заттардын бәрі болуы керек. Наукасты тіркегеннен кейін қарау кабинетіне жібереді. Онда дәрігер қарайды және қажет жағдайда инструменталды және лабораторлы зерттеу әдістері өткізіледі. Егерде дәрігер науқасты карағаннан кейін ауруханаға жату себептері табылмаса үйіне жібереді де, ауруханаға ез келісіммен жатпаймын дегең журналға тіркейді. Кейбір жағдайларда дәрігердің белгілеуімен медбике мұрын және жұтқыншақтган жағынды алады.
Педикулез - баста, көйлекте, немесе шашта болатын паразит тәрізді бит. Шаштан табылған педикулез тазалауға киын емес. Педикулез табылған жағдайда шашты (0,15% карбофостын сулы-эмульсионды ерітіндісін, 20% бензилбензоат немесе нитгифор, 0,5% һетилацетафос ерітіндісі сірке кышкылымен тен мөлшерде 0,25% сулы-эмульсионды дикрезил, шампунь «Педилин») жағып баска орамал киіп 20мин ұстайды, кейін шашын сумен жуып, 6% сірке кышкылымен шаяды. Өлген насекомдарды кұрту ушін шашын бит таракпен тарайды. Педикулезге қарсы заттар жүктілік, жаңа туған әйелдерге, емізетін әйелдерге 5 жасқа дейінгі балаларға, тері ауруларына колданылмайды. Ауру тарихынын алгашкы бетінде педикулез табылған жайы белгіленеді де науқастын мекен жайы туралы СЭС-ке хабарлайды. Науқастын киімін капка салып, дезинфекциялық станцияға жібереді.
Пациентті төсекте жатқызу. активті, пассивті, мәжбүрлі.
Қозғалыс алдын анықтап алу тиіс: қозғау мақсаты, науқастың денсаулығы, көмекші механикалық заттар (трость, балтақ, жүргіш аяғы бар заттар), жақсы және анық бағыт беретін басшыны анықтап алу керек, науқаска түсіндіре білу тиіс, науқасты көтермес алдын, оны қауіпсіз жерге ыңғайластыру, ыңғайлы қалына келтіру, көмек көрсетіп жатқан мед жұмысшы кауіпсіз болуы тиіс, ыңғайлы қалпы және науқастың салмағы мен тепе теңдігін үстау. Өзіңіздің салмағыңызды ауырлық күшіңізге қолдану, науқасты көтеріп жатқанда бірнеше - қозғалмалы қимыл қолмен жасалады( қозғалмалы әдісті өте сақ болып істеу керек).
Көтерген кезде, көз жеткізіңіз, сіздің аяғыңыз тұракты қалыпта бөлу, аяғыңыз иықтан алшақ керек. Бір аяғыңызды науқастың қасына қойыңыз, транспорттаудан алдын оның салмағын қабылдау. Науқасты жанынан көтермеңіз, бұл омыртқаның майысуына алып келеді. Егерде олар азғана қимыл күш жасайтын болса, анық көтеру күші, мысалы науқасты столдан тұрып көтеретін болса минимальді күш жіберу керек. Науқас мүлдем көмексіз болатын болса, қозғалуына көмек көрсету тиіс. Науқасты қозғалту үшін бригадамен келісіп әрекет жасау.
Лидерді анықтап алу, бригаданы басқару және бұйрық беру
Наукасқа ең қолайлы әдісті тандаңыз
Өзіне кім ауырлық жұмысын алатынын анықтап алу, науқастың жамбасынан және денесінен ұстауды анықтап алу (ол күшті немесе ірі медбике болуы тиіс, яғни қызметіне қарамайды).
Екі немесе уш адаммен ұстау әдісі. Көтеру механизмі. сіз сіздің ортағыңыз екеуіңіздің қолыңыз мықтап ұсталган. Ең қауіпсізі екі колдың саусағымен кысып үстау. Саусақпен қысып ұстау ең қауіпсіз. себебі қолдар бірігіп жұмыс істейді, егерде колыңыз ылғалды немесе кір болатын болса. Саусақпен ұстау ауырсынуы мүмкін және көмекшіңіздің тырнағы ұзын болса қолды ауыртуы мүмкін. Науқасты қолмен қысып үстау әдісі: Бір медбикемен жүргізіледі, науқас өзі көмектесу керек. Корсеткіштері: көмек және науқастың артжағынан бару {арқа жағына орындық қою).
Процедураға дайындау.
Науқасқа сенім білдіру керек
Науқастың жағдайын бағалау және оның жағынан көмек көрсетуін сұрану. Науқастан активті қозғалу
Науқасқа ұстауды түсіндіру, оның келісімін алу
Қоршаған аялдаманы бағалау(еденнің ылғалдылығы , еденде ботен заттар ).
Наукастың қауіпсіздігін камтамасыз ету.
Орындау: Науқастан өзінің қолын дененің ыңғайлы жерінен үстау. Бұл наукастың дене биомеханикасын қамтамасыз етеді. Егер науқастың бір қолы әлсіз болатын болса екінші күшті қолымен әлсіз колын үстау.
Науқастың арт жағынана бару (арт жағына кресла немесе орындық қою) науқастың қолынан үстап, ауыратын қолын еске алу. Бұндай үстау әдісі медбикенің дене биомеханикасына дұрыс келеді, ыңғайлы үстау, құлап бара жатқанда медбикенің иығынан үстау.
Аяқталуы: 1) Науқасқа процедураның аяқталуын айту
Науқасты қауіпсіз екеніне сендіру, медбикеден қолын алу, үстағаны үшін науқасқа рақмет айту