Мейірбикелік процестің мақсаттары, оған жетудің жолдары.
Мейірбикелік процестің мақсаты – науқастың денсаулығына қайта қалпына келтіру, қолдану және организмнің негізгі тұтынуын қанағаттандыру. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру шарт:
Науқастың мейірбикелік күтімге қаншалықты қажеттігін анықтау;
Мейірбикелік процесте мейірбике жаңа түсінікке ие. Денсаулық саласында жұмыс істеп жүрген олардан іс жүзінде техникалық дайындығынан бөлек, науқасқа күтім жасауға үлкен шығармашылықпен келу, іскерлік таныту талап етіледі. Нақтырақ айтар болсақ, ол дегеніміз ғылыми әдістерді пайдалану, науқастың медико – санитарлық тұтынымын анықтап, оның талап – тілегін қанағаттандыру.
Мейрбикелік процесс – динамикалық, циклдік процесс. Күтім жасаудың нәтижесінде алынған ақпарат науқастың денсаулығын жақсартуға тікелей араласуға, қажетті жағдайда оңды өзгерістер жасау негізін қалауға мүмкіндік беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |